25 қазан Республика күніне орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе байқауын жариялайды

25 қазан Республика күніне орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе байқауын жариялайды.

Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған.

Байқауға студенттер, магистранттар және жастар ұйымдары қатыса алады.
Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағы мен оның қалыптастырудағы  көзқарасын көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.

Эссе байқауының жүргізілу тәртібі:
  1. Байқау 2022 жылғы 11-19 қазан аралығында өткізіледі.
  2. Эссе 2022 жылдың 19 қазанына дейін "эссе байқауы" деген белгімен Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштаға жіберіледі.
  3. Бір қатысушыдан бір эссе жіберілуі керек.
Эссеге қойылатын талаптар
  1. 1. Байқауға ұсынылған эсселер мазмұны мен ресімделуіне қойылатын мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
- байқау тақырыбына сай болуы:
-автордың жеке ұстанымын, өзіндік идеяларын және эссе тақырыбын қараудың стандартты емес бұрышын көрсету;
- автордың өз пікірін негіздеу қабілетін көрсету.
  1. Эссе рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Конкурстық жұмыс қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орындалуы мүмкін.
Жұмыс Word форматында 1,0 интервалмен, Times New Roman шрифті және 14 түйреуіш (кегль) болуы қажет. Дәйексөздерді, басқалардың пікірлерін пайдалану кезінде ескертулерде мәлімдеменің көзі көрсетіледі. Жұмыс көлемі 3 парақтан аспауы керек.
Эссенің титулдық бетін ресімдеуге қойылатын талаптар:
-Білім алатын факультеттің, жоғары мектептің толық атауы, мамандығы және тобы толық көрсетілуі қажет.
-Тақырып;
-Автор туралы мәліметтер: Тегі, аты, әкесінің аты, курсы, тобы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта;
-Осы Ереженің талаптарын бұза отырып орындалған эсселерді байқаудың қазылар алқасы қарамауға құқылы.
- 2022 жылғы 19 қазаннан кеш түскен эсселер қаралмайды

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.