Жаңалықтар
«Білім берудің тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі» атты онлайн бейнеконференцияның өткізілуі туралы
- Қаралды: 475
Қазақстанның XXІ ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдердің деңгейінде болуына ықпал ететін бірден-бір құдірет – білімді, тәрбиелі, ақыл-парасаты мол ұрпақты жетілдіру.
Осы мақсатта Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі кафедрасы 2017 жылдың 30 қарашасында «G-Global» интерактивті алаңында «Білім берудің тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі» онлайн бейнеконференция өткізді. Конференцияға Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы (Қазақстан, Алматы қ.), Ибн Сина атындағы Кабул педагогикалық университеті (Ауғанстан Ислам Республикасы, Кабул қ.), М.Әуезов атындағы ОҚМУ (Қазақстан, Шымкент қ.), Тараз мемлекеттік педагогикалық институты (Қазақстан, Тараз қ.), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Атырау мемлекеттік университеті (Қазақстан, Атырау қ.) қатысты.
Конференция барысында білім берудің қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі, шетелдік тыңдаушылар мен студенттердің бейімдеудегі жоғары оқу орнына дейінгі дайындықтың рөлі мен орны, шетелдік тыңдаушылар мен студенттердің қазақстандық жоғары оқу орындарында оқыту проблемалары жөнінде көптеген мәселелер қарастырылды. Қаралған мәселелер бойынша білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру жайында кеңінен талқыланды. Конференцияда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің оқытушылар құрамы жоғары оқу орнының тәрбие беру мен ұйымдастыруға қойылатын міндеттер мен талаптар және шешудегі ізденістерімен оны жүзеге асырып, орындай білуімен өлшенетін негізгі критерийлерді атап көрсетті:
-әрбір тыңдаушы-студент қазіргі білім беру стратегиясының басты сипаты, әрбір тұлғаның өзіне тән қабілетін оятып, талантын ашу;
-шығармашылық мүмкіндігіне бағдар беру;
-өзіндік дамудың дербес ерекшеліктеріне орай жоспар жасап және оны жүзеге асыруға баулу;
Аталған мәселелер жөнінде түсініп қана қоймай, оны орындауға және нақты іс жүзінде көрсету қажеттігі туралы пікірталас туындады, нәтижесінде қабілетті тыңдаушы дайындаудың өзектілігі жайында сөз қозғалды.Конференция соңында ҚазМҰУ тарапынан жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі кафедра меңгерушісіМ. Сейдахметұлы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің деканы С.Н.Әлібек мырзаға өзі басқарып отырған оқытушылар құрамының белсенділіктерін және осы салада қарқынды жұмыс жасап келе жатқандығынайтып, ырзалығын білдірді.