Студенттік алғашқы белес-2016

2016 жылдың 31 қазанында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Студенттік алғашқы белес -  2016» атты арнау концерті жоғары деңгейде өтті. Кешті факультетіміздің деканы тарих ғылымдарының докторы Әлібек Сейдехан Нұрмаханұлы және университеттің аға тәлімгері Бейсенов Сембай Дайрабайұлы ашып берді. Аталған кешке факультеттің өнерлі өрендері: Розыкулыев Мансур, Таубалды Жолау, Хамраев Тимур, Мұқият Нұржанат, Қадубек Бақберді, Серікхан Арай қатысып, әсерлі әндерімен, билерімен көрерменнің көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді. Әлемнің 11 мемлекеттен келіп біздің университетте білім алып жүрген студенттер мен тыңдаушылар өздерінің сыйластық пен достық қарым-қатынастарын сахна төрінде паш етті. Сан ұлт өкілдерінің басын қосқан бұл концерт ерекшелігі – ұлтаралық татулықты дәріптеу, халықтар арасындағы достықты нығайту болып табылды. Осындай іс- шаралар көптеп өткізіліп, өнерлі жастарымыздың өрісін кеңейтіп, даңғыл жолға салып жіберуіне өлшеусіз үлес қосатындығына сеніміміз мол.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.