QS Quacquarelli Symonds Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша аймақтық директоры Сергей Христолюбовтың М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне сапары

Бүгін, 2022 жылғы 5 қазанда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS аймақтық директоры Сергей Владимирович Христолюбов ресми іс-сапармен келді.

Сапар барысында университет басшылығымен және М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдарымен кездесу өтті. Сергей Христолюбов университеттің QS әлемдік рейтингінде алға жылжу үшін атқарған жұмысын жоғары бағалады.

Кездесу барысында университетті тиімді дамыту, әріптестік байланыстарды кеңейту, QS арқылы ғылыми серіктестер желісін пайдалану, бірлескен зерттеулер мен зертханаларды дамыту мәселелері қарастырылды.

Сапар аясында университеттің ғылыми зертханалары мен ғылыми бөлімшелеріне экскурсия жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, М.Әуезов атындағы ОҚУ 39 позицияға көтеріліп, 2023 жылғы QS World University Ranking рейтингісі бойынша әлемде 443 орынға ие болды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.