Жаңалықтар
Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Десиктің М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға іс-сапары
- Қаралды: 590
Халықаралық ынтымақтастық аясында 2017 жылы 13-қарашада Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Десик мырза М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне іс-сапармен келді.
Іс-сапар аясында ОҚМУ-дың конференц-залында студенттермен кездесу өтті, ол жерде Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Десик мырза «Кореяның тарихы мен мәдентиеті, сондай-ақ Корей түбегінің қазіргі жағдайы» тақырыбында лекция оқыды.Кездесу кезінде Кореяда оқу мүмкіндіктері талқыланды, сондай-ақ Посол мырза өзінің қызметі жайлы тәжірибесімен және білім және ғылым саласындағы қазақстан-корей ынтымақтастығының нәтижелерімен бөлісті.
Іс-сапар кезінде корей делегациясы ОҚМУ-нің ректоры Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлымен кездесті және кездесу кезінде тараптар барлық ынталылар үшін корей тілін үйрету бойынша тілдік курстар ұйымдастыру және корей салт-дәстүрі мен мәдениетін таныстыру мақсатында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да Корей білім беру орталығын ашу мүмкіндіктері мен болашағын талқылады.