Жаңалықтар
Республикалық деңгейде кешендік іс-шара өткізілді
- Қаралды: 603
2022 жылы 15 қыркүйекте Жамбыл облысы Меркі ауданында мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығын атап өтуіне байланысты республикалық деңгейде кешендік іс-шара өткізілді.
Жиын барысында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз қаласы мен Түркістан облысынан белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлер және зиялы қауым, білім және мәдениет саласының өкілдері басын қосып, Меркі ауданының №1 мектебіне Ұлы Тұлға Асанбай Асқаровтың есімін беріп, қызы Шолпан Асанбайқызы ескерткішін ашты.
«Туған жердің туын биіктеткен тұлға» ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, белгілі ғалымдар Хангелді Абжанов, Сабит Шілдебай, Оразалы Сабден, ақын Алтынбек Қоразбаев Шымкент қаласынан А.Асқаровпен бірге қызмет жасаған Амалбек Тшанов, Шалатай Мырзахметов бастаған зиялы қауым өкілдері ел жүрегінде қалған тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты тың деректерімен таныстырып, «Асанбай Асқарұлы құжаттар мен деректер» атты 2 томдық кітаптың тұсау кесілді.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова және «Тарих және этнология» ғылыми орталығына ынтымақтастықта жасалған ғылыми-зерттеу жобалар үшін Меркі ауданының әкімдігінен «Асанбай Асқаровқа 100 жыл» атты медаль табысталды. Асанбайтанушылар «Қазақтану» республикалық ғылыми журналына «Тұлғатану» айдарына ғылыми зерттеулердін нәтижесін жариялау жұмыстары бастады.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз