2022 жылдың 1-қыркүйегі күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Білім күнін» атап өтті

2022 жылдың 1-қыркүйегі күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамы «Денсаулық»  спорт  кешенінде  «Білім  күнін»   атап өтті.

Қазіргі таңда еліміздегі үздік университеттердің үштігіне кіретін  М.Әуезов атындағы ОҚУ 2022 жылы студенттер саны бойынша Қазақстандағы  ең  ірі университет ретінде танылды.  2022 -2023 оқу жылында университеттің  тек күндізгі бөліміне  5000  үміткер  студент  қатарына  қабылданды, оның  2500-ге жуық студенті -мемлекеттік грант иегерлері, ал 75 студент – «Алтын белгі» иегерлері.

Мерекелік  іс-шараны М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма Төрағасы-Ректор Д.Қожамжарова  ашып,  оқу  орнының  ұжымы  мен студент жастарды, оның ішінде университет табалдырығын енді ғана аттаған 1-курс студенттерін  жаңа оқу  жылының басталуымен, 1-ші  қыркүйек -Білім күнімен  құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Университеттің  білім, өнер, қоғамдық  жұмыс, спорт салаларында  жетістікке  жеткен   студенттердің  шеруі, атап айтқанда, әскери  кафедра студенттерінің тобы, үздік студенттерден құралған «Әуезовшілер  тобы»,  «Сүлейменовшілер  тобы», әлемдік, халықаралық, республикалық спорттық ойындар бойынша жеңімпаз атанған спортшылар тобы, сонымен қатар жаңа оқу жылында қабылданған «Алтын белгі» иегерлерінің шеруі  ұмытылмас әсер қалдырды.

Бірінші курс студенттерінің ант беру рәсімінен соң, университет ректоры  оларға салтанатты түрде білім кілті мен студенттік билетті табыстап, үздік студенттермен бірге жаңа оқу жылының  білім алауын жақты. Университет студенттері хорының орындауында  бүкіл әлемдік студенттер гимні «Гаудеамус» орындалды.
Іс-шараға құрметті қонақтар – білім беру ісінің ардагерлері, жұмыс берушілер, әртүрлі салада еңбек ететін абыройлы азаматтар қатысып, студент-жастарға өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді.
Мерекелік  іс-шараның соңы  концерттік  бағдарламаға ұласты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.