Жаңа Қазақстан – жарқын болашақ

Жаңа Қазақстанды қалыптастыру – жасампаз ұлттың басты міндеті. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев та бүгінгі азат ұрпақтың бабалар аманатына адалдығын сақтап, байтағымыздың ынтымақ, бірлігі үшін, рухани жаңғыру жолында ұлт болып ұйысу мақсатында Жаңа Қазақстанды құруды қазақ қоғамына ұсынған болатын.

Бұл тарапта Мемелкет басшысы маңызды қадамдарға барып отыр. Яғни, қуатты ел болуда ұлттық кадрларға сүйену, сайлау жүйесін, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру, ұлттық құндылықтарды ұлықтау т.б. оң бастамалар біздің жаңғыру мен жаңару жолында келе жатқанымызды айғақтай түседі.

Жұрт жұмыла қолдап, ел тегіс қатысуға ниеттеніп отырған алдағы 5 маусымдағы референдумнан да күтеріміз көп. Бүгіннің өзінде референдум қоғамдағы ең басты тақырыпқа айналды. Демек, еліміздің Ата Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, атап айтқанда, саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформалар арқылы Жаңа Қазақстанды құруға бастайтын жаңа бастамалар жемісті болғай дейміз. Яғни, жаңғыруға бет бұрғанымызды отандастарымыз да тегіс түйсінуі тиіс. Біздіңше, бұл да «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» сөзден іске көшкендігінің айқын айғағы. Қалай дегенде де бұл референдум елдің ертеңіне сенімін арттырып қана қоймайды, әділетті Қазақстанның әлем алдындағы беделін де барынша көтереді.

Олай болса референдумның ел болашағын айқындайтын құтты қадам екендігін толық қуаттап, бәріміз бір мақсат, бір болашақ үшін дауыс берейік. Өйткені, ел ертеңі, ұрпақ болашағы қашанда өз қолымызда.

Рахымбек Камалдинов, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығының басшысы.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.