«Ақ Жайықтың ақ шағаласы» ақын Ақұштап Бақтыгереевамен кездесу

2022 жылдың 16 мамырында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ақ Жайықтың ақ шағаласы» атанған ақын Ақұштап Бақтыгереевамен кездесу өтті. Ұлттық поэзияны «Өрімтал», «Наз», «Қуанышым іңкәрім», «Сені ойлаймын», «Ақ қанат», «Бақыт әні», «Жайық қызы», «Белокрылая», «Ақжелең», «Сүмбіле», «Ақ шағала» сынды жыр жинақтарымен байытқан Ақұштап Бақтыгереева – қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, көптеген жыр жинақтарының авторы. Әдеби-сазды кешті М.Әуезов атындағы ОҚУ басқарма Төрағасы-Ректор Д.П.Қожамжарова сөз сөйлеп, ақынның өлеңінен үзінділер оқыды. Кездесуде ақын шығармашылығына баяндама жасалып, өлеңдерін студенттер жатқа оқыды. Журналистика мамандығының студенттері ақынмен сырласа отырып, арнайы әзірленген сұқбаты экраннан көрсетілді. Ақынның сөзіне жазылған әндерді болашақ журналист студенттер әуелете орындап, жастық шақтың кезінен сахналық қойылым көрсетті. Сөз соңында ақын ұйымдыстырылған іс-шара үшін оқу орны басшылығына алғысын білдірді. «Ақжайықтың ақ шағаласы» атанған ақын ұлттық құндылықты қастерлеу, ұрпақ тәрбиесі мен ананың қоғамдағы рөлі жайлы өлеңдерін оқып, қонақтармен ой бөлісіп, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында ақын А.Бақтыгереева университет ректоры мен студенттеріне жыр жинағын сыйлап, қолтаңба жазып берді. Әдеби-сазды кездесу қызықты, әрі әсерлі өтті. __

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.