Жаңалықтар
Жас ғалымның серпінді зерттеулері беделді журналда
- Қаралды: 424
Ғылыми жаңалықтар, зияткерлік қызмет әрқашан мемлекеттің дамуының негізі және өркендеуінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және бола береді. Ғалымдар қазіргі ғылымның дамуына зияткерлік үлестерін қоса отырып, еліміздің ең құнды қазынасы болып қала бермек.Auezov University жас ғалымдарының ғылыми жұмысы, олардың жаңашылдық пен шығармашылық ізденіске ұмтылысы отандық және әлемдік ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосуда. Auezov University-нің жас ғалымы, PhD Назарбек Ұлжалғас Бақытқызының жетекшілігімен жұмыс жасайтын жас ғалымдар командасы «Жабық топырақты жерлерге арналған техногенді қалдықтар негізінде ұзартылған әсері бар қос суперфосфат сапалы органоминералды тыңайтқыш алудың инновациялық технологиясын әзірлеу» тақырыбында серпінді жоба орындауда, жобаның мақсаты техногендік қалдықтардан органикалық минералды тыңайтқыш алудың инновациялық технологиясын әзірлеу болып табылады. Ерекше зерттеу нәтижелері «Alkaline Extraction of Organomineral Potassium Humate from Coal Mining Waste» MDPI халықаралық басылымының (Швейцария) «Applied Sciences» журналында жарияланды. Мақаланың авторлары жоба орындаушылары: Ulzhalgas Nazarbek, Perizat Abdurazova, Saule Nazarbekova, Dina Assylbekova, Maksat Kambatyrov and Yerkebulan Raiymbekov.«Applied Sciences» журналының Web of Science базасындағы Engineering бойынша квартилі Q2, Chemistry бойынша - Q3 Сонымен қатар бұл журнал Scopus базасына да енеді. Engineering бойынша CiteScore процентилі 71, Chemical Engineering бойынша - 59. Мақалада Түркістан облысына қарасты Леңгір кен орнының көмір қалдықтарынан калий органоминералды гуматын алу бойынша зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Фосфор өндірісінің техногендік қалдықтары және көмір қалдықтары органикалық минералды тыңайтқыштар алу үшін минералдық құрамы жеткілікті бағалы шикізат болып табылады. Сонымен қатар, көмір қалдықтары гумин қышқылын алу көзі болып табылады. Алынған нәтижелердің мақсатты тұтынушылары техногендік қалдықтарды кәдеге жаратумен, тыңайтқыштар өндіру проблемаларымен айналысатын өнеркәсіп салалары болып табылады. Жоба жетекшісі Ұ.Б. Назарбекті және жас ғалымдарды құттықтаймыз! Қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, ғылыми әзірлемелер жасауды жалғастыра беруді және алдына жаңа міндеттер қоя отырып, оларды табысты шешуді тілейміз!
Ғылыми зерттеулер деңгейі мен қарқыны одан әрі арта берсін! Шығармашылық табыс, жоғары нәтижелер мен лайықты марапаттарға жете беріңіздер!
Мақалаға сілтеме: https://www.mdpi.com/2076-3417/12/7/3658
Журнал бетіне сілтеме: https://www.mdpi.com/journal/applsci
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз