Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкерінің М. Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан университетіне іссапары

2022 жылы 11 сәуірде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ресми іссапармен Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері-Ананд Кришна және Ақпараттық мәселелер жөніндегі көмекші Кәмшат Төлеулиеваның құрамындағы делегация келді.

Іссапардың мақсаты-университет қызметімен және басшылығымен танысу. Кездесу аясында ОҚУ-нің қатысушылары Миннесота университеті "Жоғары білім педагогикасындағы ағылшын тілін интеграциялау: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (ОҚУ) және Миннесота университеті арасындағы серіктестік" және Рутгерс университетімен бірлескен жобалардың нәтижелерімен бөлісті, аталған жоба "Рутгерс университеті (АҚШ) және Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті арасында жасыл нанотехнология және экологиялық зондтау саласындағы серіктестік бағдарлама құру"жобасы аясында қаржыландырылады.

Сапар барысында Ананд Кришна "Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық" және "Заманауи тілдер және аударма ісі" кафедраларының студенттері үшін "АҚШ-тың сыртқы саясаты және қоғамдық дипломатия" тақырыбы аясында қонақ дәрісін өткізді, дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған мәселелер бойынша жауап алды және талқыланған тақырып бойынша пікір алмасты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.