Жаңалықтар
2022 жылғы 7-8 сәуір күндері Қазақстан делегациясы Ташкент қаласына ресми іс-сапары
- Қаралды: 524
2022 жылғы 7-8 сәуір күндері Қазақстан делегациясының құрамында Өзбекстан республикасы, Ташкент қаласына ресми іс-сапармен Басқарма Төрағасы-ректор Д.П. Қожамжарова, стратегиялық даму жөніндегі проректор А. Т. Искакова, инновациялық технологиялар институтының директоры Қозыбаев Е.Ш. барды. Сапардың бірінші күні делегация Өзбекстан Республикасының инновациялық даму министрлігіне, Өзбекстан Республикасының жоғары және орта арнайы білім министрлігінде болды. Сондай-ақ серіктес жоғары оқу орындарымен кездесулер өтті: Ұлттық Мирзо Ұлықбек атындағы университет және Ташкент мемлекеттік заң университетінде М.Әуезов орталығын ашу, қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру, ОПҚ мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығы, бірлескен ғылыми зерттеулер мен диссертациялық кеңестер, Халықаралық жобалар шеңберінде ғалымдардың коллаборациясы мәселелері талқыланды. Ташкент мемлекеттік Экономикалық университетімен интернационалдандырудың барлық бағыттарында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.