Auezov University-де Қазан федералдық университетінің делегациясы (Ресей Федерациясы)

2022 жылы 7 сәуірде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ресми іссапармен Қазан федералдық университетінің (Ресей Федерациясы) халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Әлішев Тимирхан Болатұлы және Орталық Азия бойынша ректордың кеңесшісі Әзімов Рашит Муразамович бастаған делегация келді. Іссапардың мақсаты-университет қызметімен танысу және білім мен ғылымның басым бағыттары бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылау.

Кездесу барысында М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің бірінші проректоры К.Е. Нұрманбетов пен ҚФУ-ің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Т.Б.Әлішев кіріспе сөз сөйледі, сонымен қатар тараптар білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы саласындағы ынтымақтастық, қонақ дәрістеріне шетелдік ғалымдарды тарту, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар бүгінгі талқылау нәтижелері бойынша қойылған міндеттерді іске асыру үшін күш біріктіруге келісті.

ҚФУ делегациясының іссапары аясында М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің жетекші ғалымдары мен оқытушыларының қатысуымен "Университет ғылымының аймақ экономикасына интеграциялануының векторлары" тақырыбында ғылыми жетістіктер көрмесі ұсынылды. Естеріңізге сала кетейік, Қазан федералды университеті - Қазан қаласындағы жоғары оқу орны, Ресейдің ең көне университеттерінің бірі (іргесі 1804 жылы қаланған) және он федералды университеттің бірі (2010 жылдан бастап).


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.