Әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық байқауы

Әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық байқауы

 
М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті Нұрсұлтан Назарбаев Қорының  «Үйлесімді даму және бақытты балалық шақ - қазіргі заманауи негізгі басымдық» тақырыбында әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық байқауын жариялағандығын хабарлайды.
Байқаудың мақсаты – ұлттық мәселелерді шешудегі әлеуметтік-бағдарланған коммерциялық емес ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру; өңірлердегі халықтың әлеуметтік бастамаларын белсенді ету; жергілікті деңгейде әлеуметтік, мәдени және білім беру жобаларын жүзеге асыру арқылы әлеуметтік мәселелерді шешу.
Байқау келесі номинациялар бойынша қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған жыл сайынғы Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында өтеді:
1.Біздің таңдау құқығымыз туралы даусымызды естіңіз!
2.Балалар алдындағы жауапкершілікті жаңғырту: болашақтың міндеті
  1. 3. Талантты ынталандыру: іске кірісіңіз, мүмкіндіктерді арттырыңыз, ресурстарды қолданыңыз!»
Өткізу мерзімі:
  • I кезең ( 2022 ж. 10 ақпаннан 10 сәуірге дейін) — байқауға қатысуға құжаттарды қабылдау, бастапқы іріктеу белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
  • II кезең (2022 ж. 10 сәуірден 20 сәуірге дейін) – жобаларды бағалау, Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысушыларды іріктеу (ТОП-50 жоба).
  • III кезең (2022 ж. 28–29 сәуір аралығы) – Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде ТОП-50 жобаны қорғау. Жеңімпаздарды анықтау.

Ақпарат алу үшін: М. Әуезов атындағы ОҚМУ. Тел. 300248, 300857.  16 ғимарат, 210, 218 кабинеттер, эл. почта: pcc_ukgu@mail.ru


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.