Жаңалықтар
«Қоршаған ортаның ластануын азайту және өнеркәсіптік кешендердің энергия тиімділігін арттыру үшін интеграцияланған технологияларды қолдану»
- Қаралды: 720
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасы және Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қосымша білім беру орталығы бірлесіп ұйымдастыруымен 20.12-28.12.2021ж мерзімі аралығында Ресей Федерациясы, Томск политехникалық университетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты Болдырев Станислав Александровичтің «Қоршаған ортаның ластануын азайту және өнеркәсіптік кешендердің энергия тиімділігін арттыру үшін интеграцияланған технологияларды қолдану» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өтті.
Тыңдаушылар келесі модульдер бойынша өз білімдері мен дағдыларын жетілдірді:
- Қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және өндірістік кешендердің энергия тиімділігін арттыру үшін интеграцияланған технологияларды қолдану;
- Қазақстанның химия және мұнай-химия өнеркәсібі үшін инженерлік кадрларды қайта даярлау бағдарламасының келешегі;
- Су және энергия ресурстарын тарату желілерін оңтайландыру үшін Pgraph құралын пайдалану және т. б.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз