2021 жылдың 10 желтоқсан күні Шымкент қаласындағы №78 жалпы орта білім беретін мектеп базасында М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың филолог-студенттеріне дуальді оқытуды жүзеге асыру негізінде қалалық оқыту семинар-тренингі өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, сондай - ақ Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылдың 10 желтоқсан күні Шымкент қаласындағы №78 жалпы орта білім беретін мектеп базасында М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың филолог-студенттеріне дуальді оқытуды жүзеге асыру негізінде «Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында тілдік пәндерді оқытудың ерекшеліктері: оқытудың белсенді әдістері мен тәсілдері, критериалды бағалау принциптері» тақырыбында қалалық оқыту семинар-тренингі өтті. Семинар-тренингті ұйымдастырушылар: М.Әуезов атындағы ОҚУ филология факультетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы, «Өрлеу» АҚ біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Түркістан облысы бойынша филиалы. Ісшараға 8-9 сынып оқушылары, студенттер, мегаполистің білім беру мекемелерінің педагогтары, социологтары мен психологтары қатысты. Семинар-тренингтің модераторлары университеттің оқу-әдістемелік орталығының басшысы Хамитова Б.М., «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Қалдыкозова С.Е. және осы аталған кафедраның аға оқытушысы Баймурзаева Қ.Б.

Семинар-тренингтің пленарлық бөлімінде мектеп директоры Жаңабаева Қ.М. сөз сөйледі. Семинар барысында спикерлер ретінде: Түркістан облысының бас логопед маманы Юнусова Г.Р., М.Ю. Лермонтов атындағы №17 орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Мұсабаев Р.С., химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елубаев Л.С., №78 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Өтемұрат А.Е, «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының халықаралық санатты тренері Абдрахманова И.С., Орталық Азия Инновациялық Университетінің халықаралық байланыстар және ғылым жөніндегі проректоры, п.ғ.к., доцент Ақылбаев М.И., п.ғ.к., доцент Нуралиева А.Ж., п.ғ.к., доцент Шакенова М.Т., ФИ-19-2р2 тобының студенттері Махамеджанова З., Бақытжан Н., Рахматпури Л. сөз сөйледі.

Спикерлердің сөзінен кейін семинар тақырыбы талқыланып, жаңартылған білім беру мазмұны мен оқытудың интерактивті нысандарын іске асыру жағдайында тілдік пәндерді оқыту әдістемесінің ерекшелігін қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу өтті.

Семинар-тренингтің барлық қатысушылары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті басшылығына, мектеп директоры Жанабаева Қаныткүл Мырзанқызына осындай маңызды ісшараны жоғары дәрежеде және бірлесе өтырып, нәтижелі ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді және осындай оқыту әдістемелік семинарларын жүйелі түрде өткізу туралы ұсыныс берді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.