2021 жылы 3 желтоқсан күні, сағат 10:30-да М.Әуезов атындағы ОҚУ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛЫ: ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ 30 ЖЫЛЫ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырады

2021 жылы 3 желтоқсан күні, сағат 10:30-да М.Әуезов атындағы ОҚУ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛЫ: ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ 30 ЖЫЛЫ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырады.

Конференция жұмысы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» атты бағдарламалық мақаласын, Қазақстан халқына Жолдауының басты бағыттарын, сонымен қатар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қазақстандықтарға және жас ұрпаққа жолдаған - «Елділіктің жеті тұғыры» атты Үндеуіндегі қағидаттар жиынтығындағы келелі мәселерді қарастырады.

Конференция жұмысының барысында М.Әуезов атындағы ОҚУ «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ғылыми зерттеу институтының «ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ» атты көрмесі ұйымдастырылады.

Көрме жұмысында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі; Шымкент қаласы әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы; Әуезов универсиетінің «Абайтану»; «Мұхтартану»; «Тарих және этнология»; «Түркітану»; «Теориялық және қолданбалы математика» ғылыми орталықтары және «Физикалық антропология және археологиялық зерттеулер» республикалық лабораториясы қатысады.

«Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ғылыми зерттеу институты ҚР Тәуелсіздігіне 30 жылдық мерей тойы қарсаңында - «Мың жылдық белес» атты ұжымдық монографиясының тұсаукесері жоспарлануда.

Сонымен қатар, республикамыздың мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, академиктер, бауырлас мемлекеттерімізден Өзбекстан, Түркия елдерінен, Нұрсұлтан, Алматы, Тараз, Түркістан, Қарағанды, Шымкент қаласы бойынша жоғарғы оқу орындарының ғалым-педагогтары, көптеген ғылыми-зерттеу институттар және ғылыми орталықтардың қызметкерлері, орта және кәсіптік білім жүйесінің өкілдері, жас ғалымдар - магистранттар мен докторанттар конференция жұмысына қатысады деп күтілуде.
Конференция жұмысына 100-ден астам баяндама түсіп, 2 томдық конференция еңбектері жарыққа шықты.
Конференцияда төмендегі бағыттарда секция жұмыстары жұмысын жасайды:.
- «Қазақстан мемлекеті: генезис және түркі елдерінің этникалық жүйесінің эволюциясы;
- Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезендері, жетістіктері және құндылықтары;
-Тәуелсіз Қазақстанның технологиялық дамуы және саяси-экономикалық реформалары;
- Елбасы - Тәуелсіздігіміздің мәңгі символы;
- Цифрлы Қазақстан: білім және ғылымның даму серпіні, қоғамдық сананың жаңғырту үдерісі;
- Тәуелсіз Қазақстанның ХХІ ғасырда дамуының жаңа белестері».
Конференция аясында «Мәдениет және спорт» факультетінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласының жоғарғы оқу орындары және колледж студенттері арасында «Жетіасар» галереясында «CREATOR» - суретшілер мен дизайнерлердің көрме-байқауы ұйымдастырылады.
Конференция жұмысы аралас форматта жүргізіледі.
Конференция идентификаторы: 432 191 0956 код: 0000

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.