Жаңалықтар
2021 жылдың 10 қарашасында "Өндірістік технологиялар және инжиниринг – ICITE-2021" VІII халықаралық конференциясы аясында «Басқару және бизнес» жоғары мектебінде «Цифрлық экономика» республикалық форумы өтті.
- Қаралды: 421
2021 жылдың 10 қарашасында "Өндірістік технологиялар және инжиниринг – ICITE-2021" VІII халықаралық конференциясы аясында «Басқару және бизнес» жоғары мектебінде «Цифрлық экономика» республикалық форумы өтті. Бұл форум Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың – қараша айы «Индустриялық-инновациялық даму және цифрлық экономика айы» деген тұжырымдамасына сәйкес ұйымдастырылды.
Форумға шет елдерден де, Қазақстаннан да ғалымдар белсене қатысты:
- Iulian Romeo Ihnatov, Finance, Money and Public Administration Department, Аssociate professor, PhD, Alexandru Ioan Cuza University, Iasi, Romania
- Чуприна Н.Н.-э.ғ.д., проф. Украина Мемлекеттік химия-технологиялық университетінің экономика факультетінің деканы
- Назаров А. Д. – РФ Екатеринбург қаласындағы сандық экономика және құқық Институты, ғылым департаментінің директоры
- Дырка Стефан- э.ғ.д., Катовице қ. Верхно-Силезия экономикалық университетінің профессоры, Польша
- Афанасьев О. Е. - ФГБОУ ВО «Ресей мемлекеттік туризм және сервис университеті» (профессор)
- Мұстафа Нұрсой-PhD докторы, Мугла Түркия университеті, Мугла қ.
- Cemal Okuyan – Балакесир университеті
- Суйц В.П. - э.ғ.д., проф. М. Ломоносов атындағы ММУ, кафедра меңгерушісі.
- Айтымбетова А.Н. - э.ғ. к., «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі.
Модераторы «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің ғылым және инновациялар жөніндегі деканының орынбасары, экономика ғылымының кандидаты Гүлнар Жарасқызы Уразбаева жүргізеді.
Форум жұмысы, цифрлық экономиканы дамытудың ең өзекті бағыттарын талқылау және талқылау тыңдаушылар: студенттер, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы және басқа да қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.