Жаңалықтар
2021 жылы 13 қазанда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ғылыми зерттеу институтының «Тарих және этнология» ғылыми орталығының ұйымдастыруымен ««АПГРЕЙД» - ОЙДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ» атты 36 сағаттық курстың
- Қаралды: 423
2021 жылы 13 қазанда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ғылыми зерттеу институтының «Тарих және этнология» ғылыми орталығының ұйымдастыруымен ««АПГРЕЙД» - ОЙДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ» атты 36 сағаттық курстың ІІІ-ші күні өтуде. Бағдарламаның ІІІ-ші күнінде университіміздің тәжірибелі мамандары Нұрходжаев Нұржан Оңғарұлы - М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің «Аграрлық» факультетінің ғылыми және инновациялық жұмыстар жөніндегі декан орынбасары. Ветеринария ғылымдарының РһD докторанты – "Қазақстанда ауылшаруашылықты дамыту. Құс өсіру негізінде" тақырыпта, Шымкент өңірінде жасыл белдеуді жасау және ауылшаруашылықта күрке тауық өндірісін ұйымдастыру мен дамыту мақсатында өз тәжірибесімен бөлісті. Аграрлық факультеттің өсімдік және мал шаруашылығы, ветеринария саласының бағыты бойынша ғалымдарымен жұмыс жасауға шақырды.
Жолдасбекова Сауле Әбдіразаққызы - педагогика ғылымдарының докторы, «Кәсіптік оқыту» кафедрасының меңгерушісі – «Шығармашылық еңбекпен кәсіпкерлікті ұштастыру» тақырыбында оқушылардың шығармашылық жұмысын дамыта отырып, үлкен сыныптарда кәсіпкерлікке баулу, дресс- ұлттық кодты пайдалану арқылы, қаржыланжырылған жобаларды жасау және әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағыттады;
Жолдасбекова Сауле Әбдіразаққызы - педагогика ғылымдарының докторы, «Кәсіптік оқыту» кафедрасының меңгерушісі – «Шығармашылық еңбекпен кәсіпкерлікті ұштастыру» тақырыбында оқушылардың шығармашылық жұмысын дамыта отырып, үлкен сыныптарда кәсіпкерлікке баулу, дресс- ұлттық кодты пайдалану арқылы, қаржыланжырылған жобаларды жасау және әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағыттады;
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының меңгерушісі, профессор Қабылбекова Заурет Бердіқұлқызы – «Қарым-қатынас психологиясы. Эмоционалды интеллект» тақырыбы арқылы педагогтар мен оқушылар арасында психологиялық қарым қатынастарды, үнемдеу және ресурстарды тиімді пайдалану әдістері арқылы жобаларды құруды түсіндірді;
«Көшбасшылық және дебат ойынның жүйесін қалыптастыру» бойынша — Беспаев Ақан Сәбитұлы - М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің «Тарих» мамандығының 4-ші курс студенті Әуезов университетінің «Ақиқат» пікір сайыс орталығының төрағасы. Қазақстан Республикасының «Пікір сайыс» Федерацияның мүшесі өзінің тәжірибесімен бөлісе отырып, дебаттық ойындарды құрастыру және көшбасшылықты дамытудың әдіс-тәсілдерімен танысырды.
Курс жұмысы Шымкент қаласы және Түркістан облысының орта және кәсіптік білім алушылардың кәсіби машықтану және тұлғаның шығармашылық бейімін қолдау мақсатында орта мектеп және кәсіптік-техникалық оқу орындарының әдіскерлеріне, жас педагогтарта, 9-11 сынып оқушылары мен колледждердің І-ІІ курс білім алушыларына, ЖОО студенттері, магистранттар, докторанттар және ХХІ ғасырдың креативті ойлау қабілетін дамытушы тұлғаларға ғылыми, шығармашылық және әлеуметтік жобаларды дайындауға және құруға бағытталған және өзекті салаларды өсіру үшін ұйымдастырылды. Курс жұмысы 5 күнге жалғасады және тренерлердің жұмысында ғылыми, шығармашылық және әлеуметтік жобаның айырмашылығын түсіндіріп, жобаны құрудағы тиімді әдіс-тәсілдерді және қазіргі таңдағы өзекті салалардың дамуына үлес қосатын жобаларды жасау мен оларды қорғауға үйретеді. Оқу кейсі қазақ және орыс тілдерінде дайындалуда
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз