Жаңалықтар
2021 жылы 11 – 15 қазан аралығында ғылыми, шығармашылық және әлеуметтік жобаларды құру дайярлайтын арнайы ««АПГРЕЙД» - ОЙДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ» атты онлайн форматта 36 сағаттық курсын өткізеді.
- Қаралды: 451
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Ғылым және инновациялар» құрылымының «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ғылыми зерттеу институтының «Тарих және этнология» ғылыми орталығы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің 2021 жылы 15 наурыздағы кеңейтілген отырысындағы орта, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында білім мен ғылым саласында қосымша білім беруді қолдау жұмыстары бойынша тапсырмасыны орындап, қосымша білім беру саласын қолдау мен дамыту мақсатында 2021 жылы 11 – 15 қазан аралығында ғылыми, шығармашылық және әлеуметтік жобаларды құру дайярлайтын арнайы «АПГРЕЙД» - ОЙДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ» атты онлайн форматта 36 сағаттық курсын өткізеді.
Курс орта мектеп және кәсіптік-техникалық оқу орындарының әдіскерлеріне, жас педагогтарта, 9-11 сынып оқушылары мен колледждердің І-ІІ курс білім алушыларына, ЖОО студенттері, магистранттар, докторанттар және ХХІ ғасырдың креативті ойлау қабілетін дамытушы тұлғаларға ғылыми, шығармашылық және әлеуметтік жобаларды дайындау және құруға арналған.
Курс барысында тәжірибелі тренерлер ғылыми, шығармашылық және әлеуметтік жобаның айырмашылығын түсіндіріп, жобаны құрудағы тиімді әдіс-тәсілдерді және қазіргі таңдағы өзекті салалардың дамуына үлес қосатын жобаларды жасау мен оларды қорғауды үйретеді және келешек уақытта университеттің ғалымдарымен байланыстырып әрі қарай 5-ші рет өтетін «МИРАС» жобалар байқауына дайындауға бағыттайды.
Тіркелу мерзімі: 2021 жылы 24 қыркүйектен – 8 қазанға дейін
Курс ұйымдастырушысы: Шымкент қ., М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Ғылыми зерттеулер» департаментінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ғылыми-зерттеу институты, «Тарих және этнология» ғылыми-зерттеу орталығы. Толық ақпарат алу үшін төмендегі ұйымдастырушыларға хабарласу үшін:
1. Абшенов Хасен Асанбекұлы – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің «Ғылыми зерттеулер» департаментінің директоры / ұйымдастыру және қатысу мәселелер бойынша/ тел. 8-700-029-00-29;
2. Боранбаев Сандыбай Режепұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор. М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» институты директоры / ұйымдастыру, қатысушылармен байланыс жасау, бағдарламасын құру / тел. 8-702-675-81-87;
3. Торгаутова Шолпан Аширалиевна – тарих магистрі, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің «Тарих және этнология» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы; /қатысушылардың өтініштерін алдын ала қабылдау, курс материалдарын жинақтау, қатысушылармен және тренерлермен байланыс / 8-701-647-15-14:
Өтініштерді және курс жарнасын төленгені бойынша түбіртекетерін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., torgautovаБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық пошталарына жіберу қажет.
Ұйымдастыру жарнасы: 5000 (бес мың) теңге
Өткізу орны: (ОНЛАЙН) М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бас ғимараты, 342 кабинет
Өткізу күндері: 11.10. – 15.10.2021
курс идентификаторы: 778 380 1780
код:0000
ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ЖӘНЕ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫН ТӨМЕНГІ СІЛТЕМЕДЕ АЛУҒА БОЛАДЫ
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз