Жаңалықтар
НӘУБЕТТІ ЖЫЛДАР ЗОБАЛАҢЫ
- Қаралды: 564
2021 жылы 31 мамырда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Әлеуметтік және тәрбие» құрылымының «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен «НӘУБЕТТІ ЖЫЛДАР ЗОБАЛАҢЫ» атты 31 мамыр саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған онлайн жүйеде дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында спикерлер кең аудиторияға ХХ ғасырдың 20-30 жылдары құғын-сүргін және ашаршылық саясатына ұшыраған құрбандары жайлы бір қатар терең зерттеулермен таныстырды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті - Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 24 қарашадағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» №456 Жарлығының негізінде республика бойынша құрылған Мемлекеттік комиссиясының жұмыс барысымен, оның университет ішінде құрылған арнайы топ мүшелерінің жұмысы жөнінде және бірінші нәтижелерінде атап өтті.
Жиынға қатысып, баяндама жасаған Мемлекеттік комиссияның Шымкент өңірі бойынша ғалымдары – С.Мажинбеков, С.Карибаев, Г.Жанысбекова, Е.Пазилов, «Рухани жаңғыру және ҚХА» орталығының қызметкерлері Ш.Торгаутова, К.Утеева және жоғары мектеп/факультеттің профессор-оқытушылар құрамымен білім алушылары
- ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамының қалыптасу тарихы мен қазіргі дамуында саяси құғын-сүргін құрбандарының осы уақытқа дейін зерттеу барысы өзекті мәселе екенін дәлелдеп, зерттеу жұмыстарының нәтижесін «Қазақтану» республикалық ғылыми-журналындада жариялауға ұсынылды.
- ашаршылық құрбандары да бір бөлек бағыт екені және оны зерттеу жұмыстарын жүйелеу жұмыстарын нақтылау керек екенін,
- сонымен бірге өзге этностардың депортациялау мәселесінде көптеген ақтандықтар бар екеніне көз жеткізіп,
- университеттінде тарихында осы жылдарға қатысты даму кезеңдері мен құғын сүргінге ұшырағандар құрбандардың ішінде қазіргі уақытта атақты ғалым тұлғалардыда еске алынды.
САРҒАЙСАДА ТАРИХТЫҢ АҚ ПАРАҒЫ,
ОЛ КҮНДЕР МӘҢГІ ЕСТЕ САҚТАЛАДЫ
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз