Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS Quacquarelli Symonds аймақтық директоры Сергей Владимирович Христолюбовтың М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне іс-сапары

  • Бүгін, 2021 жылғы 27 мамырда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS аймақтық директоры Сергей Владимирович Христолюбов ресми іс-сапармен келді. Сапар барысында М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Дария Пернешқызы Қожамжарова бастаған университет басшылығымен кездесу өтті. Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері талқыланды: оның ішінде бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, атап айтқанда QS Stars бағдарламасына қатысу, ректорлар Кеңесі шеңберінде көшпелі іс-шаралар және түрлі семинарлар өткізу және де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің дамуының басқа да негізгі бағыттары бойынша  халықаралық рейтингтерде ілгерілету.

    Келіссөздер жүргізу барысында университетті тиімді дамыту, серіктестік байланыстарды кеңейту, QS арқылы ғылыми серіктестер желісін пайдалану, бірлескен зерттеулер мен зертханалар әзірлеу мәселелері қаралды.

    Сапар аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың бөлім басшылары мен  ғалымдарымен кездесу өтті, кездесу барысында Сергей Христолюбов университеттің жетістіктері мен келешектегі даму мүмкіндіктерін көрсетті.

    Кездесу қорытындысы бойынша Сергей Христолюбов әлемдік рейтингтерде одан әрі ілгерілеу бойынша бірнеше ұсыныстар берді, сонымен қатар, шетелдік студенттерді тарту шеңберінде интернационалдандыруды дамыту бойынша университеттің атқарған жұмысын жоғары бағалады.

    Естеріңізге сала кетейік, М.Әуезов атындағы ОҚУ 2020 жылғы QS World University Ranking рейтингі бойынша әлемде 490-шы орынды иеленді. QS Emerging Europe and Central Asia өңірлік рейтингісі бойынша М.Әуезов атындағы ОҚУ +104-орында.

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ОРТАЛЫҒЫ


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.