Бүгін, 2021 жылдың 30 сәуірінде «Ғалым жолы» атты ғалымдармен кездесу сериясы өз мәресіне жетті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ғылым мен технологиялар айлығында өткізілді

     Бүгін, 2021 жылдың 30 сәуірінде «Ғалым жолы» атты ғалымдармен кездесу сериясы өз мәресіне жетті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ғылым мен технологиялар айлығында өткізілді.
     Соңғы дәрісті техника ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Талхаұлы Әйменов - М.Әуезов атындағы ОҚУ Жаратылыстану және техникалық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының директоры оқыды.
    Фото және видео көрсетілімнің сүйемелдеуімен Жамбыл Талхаұлы өзінің көптеген кәсіби өткені туралы айтып берді. Замандастары мен достары, ғалымдар мен әріптестері көптеген жазбалар арқылы осы кездесудің кейіпкері туралы өз пікірлерімен бөлісті.
    Мектеп партасынан университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекшісі лауазымдарына дейінгі, мектеп оқушысынан академикке дейінгі…. – ғалымның кәсіби өмірінің барлық осы кезеңдері кездесу қатысушыларына ұсынылды.
    Кездесу өте қызықты өтті және көптеген сұрақтар мен жас ғалымдардың тілектерін тудырды. Өз кезегінде профессор Әйменов Ж.Т. еліміздің болашақ ғалымдарының сұрақтарына бар ынтасымен және үлкен қуанышпен жауап берді.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.