М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 26-30 сәуір аралығында «ШЫМКЕНТ: МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты рухани жаңғыру апталық форумы өткі

ПРЕСС-РЕЛИЗ
 
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің
«Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен
2021 жылғы 26-30 сәуір аралығында
«ШЫМКЕНТ: МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН»
атты рухани жаңғыру апталық форумы өткізіледі 

«ШЫМКЕНТ: МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты рухани жаңғыру апталық форумы шеңберінде: 
І. 26.04.2021 ж. «ШЫМКЕНТ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ДАМУ КӨКЖИЕГІ» ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ.
Конференцияның идеясы:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» басымдығы, «Туған жер», «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобаларының іске асыру. 2019 жылы қыркүйек айында Шымкент қаласындағы іс-сапарында  мегаполистің болашағын пайымдаған қаланың «...дамуы Қазақстанның өркендеуі үшін қажет. Келешекте мемлекеттер мен халықтар арасындағы бәсеке ірі қалалар арасында жүреді. Қалаларда заманауи технологияларды меңгерген адами капитал шоғырланатынын білесіздер. Қаланы дамытудың жаңа стратегиясы, осы өңірде ірі өнеркәсіптік, инновациялық, туристік, сауда және логистикалық орталық қалыптастыруға бағытталуы қажет», - деп нақтылаған сөзі негізінде Шымкент қаласының Орталық Азияның орталығына айналуы ортақ мүдде екенін пайымдай отырып,  сонымен қатар 2021 жылы 5 қаңтардағы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» атты мақаласында жаңа сипаттағы Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастауға берілген тапсырмасын іске асыру үшін 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласының дамуының барлық кезеңдері мен бағыттарын қамтыған ауқымды зерттеу еңбектерінің жинағын жарыққа шығару көзделіп отыр. 
2200 жылдан астам тарихы бар Шымкент «уақыт толқынында» тағдарлы талайлы кезеңдерді бастан кешіре отырып, өз дамуында протоқала, бекіністік мекен, Ұлы Жібек Жолының сауда бекеті, уездік қала, губерниялық қала, облыс орталығы секілді деңгейлерге қол жеткізіп ХХІ ғасырда Қазақстанның 3-ші қаласы – мегаполис деңгейіне де жетті.
Конференция жұмысында келесідей мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілмек:
  • Шымкенттің 2200 жылдық тарихы мен бүгінгі күндегі тынысын терең ғылыми зерттеу негізінде қаланың алғаш рет пайда болуы мен қалыптасуына және әртүрлі тарихи кезеңдердегі саяси-экономикалық, мәдени, демографиялық дамуына ретроспективалық экскурс жасау;
  • Шымкент мегаполисінің қазіргі таңда экономикалық перспективалық бағыттарын дамытуға мүмкіндік беретін салалардың дамуына талдау жасау;
  • мегаполисті туристерге танымал ету, қаланың дербес келбеті мен сәулетін ілгерілету үшін зерттеулер мен жобалар жасау;
  • мегаполистің ХХІ ғасырдағы ғылым, білім беру салаларының, инфрақұрылымының, халықаралық қатынастары мен туристік кластер, өнеркәсібінің дамуы мәселелерін нығайту мәселелері қарастырылады және қатысушылар өз еңбектерімен келесі секцияларды таныстырады.
  1. Қалалар тарихын зерттеудің әдіснамасы, деректану және тарихнамасы;
  2. 2200 жылдық Шымкент: қалыптасуы мен тарихи кезендері;
  3. Қазақстанның құнды адами капиталын дамыту – сапалы білім, тәрбие және серпінді ғылым;
  4. Шымкент мегаполисі инновациялық кәсіпкерлік алаңшасы: техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы.
Конференция жұмысындағы салтанатты жиынға Шымкент қаласының
  • «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы жөніндегі қоғамдық кеңесі;
  • «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының «Білім және ғылымды дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңесі;
  • «Nur Otan» партиясы жанындағы экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесі;
  • Шымкент қаласының «Жас Отан» жастар қанаты;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы;
  • Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі;
  • Шымкент қалалық мемлекеттік архиві;
  • Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер Басқармасының «әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы»;
  • Шымкент қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы;
  • Шымкент Туризм орталығы;
  • «БАЛ ТЕКСТИЛЬ» кілем фабрикасы, Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты сияқты экономика саласының өкілдері;
  • Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктері;
  • Шымкент қаласының халықаралық деңгейдегі байланыстары туралы мәселе үшін арнайы түрде Гази университетінің «Педагогика бағытындағы білім беру» институты (Түркия, Анкара қаласы)  қатысады.
Конференцияның негізгі пікір алмасу алаңдарындағы ғылыми талдау жұмысына университет ғалымдары мен ізденушілерілері кең түрде қатысады. Осы жиын Шымкент мегаполисының тарихы мен дамуына  жаңаша көзқарас пен серпін беретін өнімді бас қосатын ғылыми құбылыс.
  ІІ. 27.04.2021 ж. «ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ – ЖАСТАР» АТТЫ УНИВЕРСИТЕТ ЖАСТАРЫ СЛЁТІ ӨТЕДІ.
Cлёттің ұйымдастырылу мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз»  деп, жастарға зор үміт артады. Егеменді мемлекетіміздің құндылығы – оның тәуелсіздігі, ұлттық бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігі мен келісімінде. Кемел болашақты құратын кемеңгер халқымыз, оның ішінде бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, заманауи жаңашылдықпен біте қайнасып, еліміздің көк туын әлемге паш ететін жастар қауымы Отанымыз - Қазақстанның әлемдік аренада беделінің артуы үшін бар күшін сарқа қызмет етеді деген сеніммен жастар жиыны жасалып отыр!
Іс-шараға Студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің «Студенттік Кеңес» атынан Тағабаев Рахат және Арыстан Аружан;
«Жас Отан» Жастар қанаты атынан Есмахан Бегарыс;
«Ақиқат» жастар пікірсайыс орталығы атынан Райс Шапағат;
«Альянс» ұйымы атынан Оразов Мақсат;
«Достық» клубы атынан Тургунов Нұрбек сөз сөйлеп, жастар жетістіктері мен арман-мақсаттары туралы айтылады.
Сонымен қоса, «Әуезов университеті 100 жаңа есімі» байқауының  жеңімпаздары да осы слетке қатысып отыр. Атап айтқанда,  «Үздік кадр резерві» номинациясының жеңімпазы, «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының аға оқытушысы Пазилов Ержан;
«Үздік докторант» номинациясының жеңімпазы, «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің білім алушысы Икрамов Ильяс;
 «Үздік магистрант» номинациясының жеңімпазы, «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің білім алушысы Сапаралы Қарлығаш;
 «Үздік студент» номинациясының жеңімпазы, «Филология» факулоьтетінің білім алушысы Төлеген Қасымжомарт Слётінде өз баяндамаларын жасап, жетістіктерге жету жолдарының қиыншылықтары мен қызықшылықтарымен бөлісті.
Осы жас спикерлер өз сөздерінің соңында қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармаларын жатқа оқып, заманауи формат – челлендж түрінде Қазақстан Республикасы жастарына жолдайды.
 
 
  ІІІ. 28.04.2021 ж. Студенттік командалардың «ТУРИСТІК ШЫМКЕНТ» квесті
Жаппай көпшіліктік ойын түрінде өткізілетін іс-шара келесі мақсаттар мен міндеттерді көздейді:
Мақсаты:
  • М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттерінің патриоттық сезімдерін тәрбиелеу;
  • Студенттерді Шымкент қаласының мәдени-тарихи мұрасын зерттеуге тарту;
  • Ішкі туризмді дамытуды және Шымкент қаласына экскурсияларды насихаттау.
  • Қатысушылар арасында экскурсия жүргізуші дағдыларын меңгерген өз қаласының нағыз патриоттарын анықтау.
Квест өткізудің міндеттері:
  • Шымкент қаласының тарихи-мәдени және архитектуралық мұрасын және қазіргі мүмкіндіктерін зерттеу;
  • Қатысушыларды Шымкент қаласының картасымен және барлық мәдениет, тарих, демалыс және ойын-сауық нысандарымен таныстыру;
  • Жергілікті жерде бағдарлау бойынша қатысушылардың қабілеттерін бағалау.
    Осы үшін университеттің жоғары мектептері, факультеттері және колледжінен әрқайсысы 3 студенттен құралатын командалар 1-ші кезеңнен өтіп жасақталды.
Олар арнайы бағыттық тапсырмалар алып мегаполис тарихы мен бүгінгі болмысын көшелер, аудандар, ескерткіштер, музейлер мен қасиетті орындарға бара отырып меңгеруге қол жеткізеді.
Мысалы, «ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» атты 1-ші бағыт бойынша тапсырма алған  «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің ММГ-18-3к тобының студенттері Тельманова Т., Жайлыбек Б., Калмахан Д. «Жас механиктер» атты командаға (Жетекші оқытушы: Сейкасимова Л.А.);
«ӘНҰРАННЫҢ ОТАНЫ» атты 2-ші бағыт бойынша тапсырма алған  «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің 2-3 курс студенттері Құрманбай Е., Әбдірайым М.,  Асқарбек Н.,  Еркебаева А. «Жаңа технологиялар жастары» атты командаға (Жетекші оқытушы: Абдуллин А.);
«ОТТЫ ЖЫЛДАРДА БОЙ КӨТЕРГЕН БІЛІМ ОРДАСЫ» атты 3-ші бағыт бойынша тапсырма алған  «Филология» факультетінің 3 курс студенттері Әбдіғаппар Г., Керімбай А., Кеңесбай А. «Полиглот» атты командаға (Жетекші оқытушы: Даулет М.);
«ЕРЛІК ПЕН БАТЫРЛЫҚ КИЕЛІ ӨЛКЕ ҮЛГІСІ» атты 4-ші бағыт бойынша тапсырма алған  «Жаратылыстану-ғылыми педагогикалық» жоғары мектебінің 2-3 курс студенттері Керімхан Б., Ахмет Л., Тоғанбаева Д. «Қызғалдақ» атты командаға (Жетекші оқытушы: Бакирова Г.);
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНЫҢ ТҰТАСТЫҒЫН САҚТАУШЫ ТҰЛҒА» атты 5-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Сәулет, құрылыс және транспорт» факультетінің 2-3 курс студенттері Абдуалиев Ж., Пернебай Д., Утеген М. «Болашақты құрушылар» атты командаға (Жетекші оқытушы: Темирова У.); 
«ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ  ОРТАҒАСЫРЛЫҚ  ШЫМКЕНТ» атты 6-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің 1 курс студенттері Жақсылық Е., Баймырза А., Ильяс А., Ораз М.. «Ақпарат және байланыс» атты командаға (Жетекші оқытушы: Айхынбай К.); 
«ШЫМКЕНТ ТАРИХ ІЗІМЕН» атты 7-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Заң» факультетінің 1-2 курс студенттері Оралбек Г., Сарыбек А., Кадеева А. «Қырандар» атты командаға (Жетекші оқытушы: Амангелдиева А.);
«ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ» атты 8-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Тарих және педагогика» факультетінің 1 курс студенттері Бекмұрат М., Сейітқасым  Ш., Шерхан С. «Болашақ тарихшылар» атты командаға (Жетекші оқытушы: Тугелова М.);
«ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ» атты 9-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің 1 курс студенттері Тағыбаев Р., Давлетбек А.,    Ерболат А. «Қаржыгерлер» атты командаға (Жетекші оқытушы: Жусипова Э.); 
«ШЫМКЕНТ  ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ АБАЙ ӘЛЕМІ» атты 10-шы бағыт бойынша тапсырма алған «Аграрлық» факультет 2 курс студенттері Базаралы А., Бабаназар Б., Нұрғазиева Б. «Азалия» атты командаға (Жетекші оқытушы: Айтбаева А.);
«АСАНБАЙ АСҚАРОВ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ» атты 11-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Тоқыма және тамақ инженерия» жоғары мектебінің 1 курс студенттері Шарип Ш, Лес Ш., Лесбек М. «Томирис» атты командаға (Жетекші оқытушы: Айтбаева А.); 
«АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ СІҢІРГЕН ЕҢБЕКТЕРІ» атты 12-ші бағыт бойынша тапсырма алған университет колледжінің 1-2 курс студенттері Қаржауов М., Дарибаева А., Темірхан Н. «Нұр-Сәт-Шымкент» атты командаға (Жетекші оқытушы: Досыбай Н.); 
«ҚАСИЕТТІ ШЫМКЕНТ» атты 13-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Мәдениет және спорт» факултетінің 1 курс студенттері Болыспекова А., Амантай М., Елшібек Ш., «ART-Home» атты командаға (Жетекші оқытушы: Өмірбек М.) біріге отырып, осы бағыттардың нысандары туралы толық білімді меңгереді, Шымкент қаласының бай тарихының бар екендігін оның көшелерін онлайн бағдарламалары бойынша аралай жүріп, өз көздерімен қанығады, басқа студенттерге насихаттайды.
 
ІV.  29.04.2021 ж. 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН  ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ ОРАЙ, «ШЫМКЕНТ МЕНІҢ ОТАНЫМ!» тақырыбында университетіміздегі түрлі этнос өкілдері арасында байқауын «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы  ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты – өзге этнос өкілдерінің «Қазақтану» жобасын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын терең меңгеріп, қазақ ұлтының тарихын, мәдениетін, тілі мен дәстүрін игеруін қамтамасыз ету. Студенттеріміздің бойында Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін қалыптастыру, студенттердің өнер саласында эстетикалық талғамын қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шараға М.Әуезов атындағы Факультет және жоғары мектеп профессор оқытушылар құрамы, университетіміздегі өзге этнос өкілдері, докторанттар, магистранттар, студенттер,  БАҚ өкілдері қатысады.
Байқауға келесі факультеттер мен жоғары мектептерінің ұжымдарында білім алушы студенттер мен оқытушылар – түрлі этнос өкілдері қатысады.
«Заң» факультеті: М.Мақатаевтың «Үш бақытым» атты өлеңін мәнерлеп оқу. Орындайтын: Қорғанова Саида, «Философия және мәдениеттану» кафедрасының доценті; Қазақ халық әні. Орындайтын Қалманова Гүлсанам, ЮМ-20-1к7, Абай. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін мәнерлеп оқу. Орындайтын: Станислав Хан, ЮМ-19-1рс тобының студенті.
«Мәдениет және спорт» факультеті
Қазақ мақал-мәтел, жаңылтпаштарын мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру. Орындайтын Игошкин Лев МС-19-8к тобы. Ал, МС-20-9р тобының студенті Степанюгина Настя қазақтың ұлттық  биін орындайды.
«Басқару және бизнес» жоғары мектебі
Экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономикалық теория» кафедрасының доценті Шерстюк В.Ю. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» шығармасын, ал, «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы Климова Е.А. Ы. Алтынсаринның әңгімелерін мәнерлеп оқиды.
  «Аграрлық» факультет
  Цой Алина  - АП-20-8р, Гусева Анастасия - АП-20-8р, Еркінова Муниса – АП-20-1к, Муратова Хушноза – АП-20-10к топтарының студенттері мақал-мәтел, жаңылтпаш челленджін жасайды. Ал, АП-19-1дк4 тобының студенті Азизова Лейла – «Қазақтың ұлттық дастарханы» атты бейнеролик түсірмек.
 
  1.  30.04.2021 ж. «ШЫМКЕНТ: МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты апталығын салтанатты жабылуы (белсенді қатысушыларды марапаттау).
 
_____________________________________________________________________________

 

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.