Жаңалықтар
2021 жылдың 23 сәуірінде Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты бітіруші курс магистранттары үшін ZOOM платформасында және @auezov_postgraduate Instagram желісінде "Докторантураға түсу ережелері" тақырыбында вебинар өткізді.
- Қаралды: 624

Вебинарға магистранттардан басқа университет қызметкерлері де қатысты. Институт директоры Конарбаева Зульфия Кемелханқызы қатысушыларды докторантураға түсудің жаңа ережелерімен таныстырды.
ҰТО сайтында өтініш беру ережелері, үш блоктан тұратын түсу емтиханын өткізу формасы түсіндірілді: эссе жазу, оқуға дайындығын анықтау үшін тест тапсыру және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихандар бойынша айтылды.
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл үміткерлер алғаш рет өңірлік тестілеу орталықтарында электронды форматта түсу емтихандарын тапсыратын болады. Түсу емтиханының мазмұнында да өзгерістер болды, егер бұрын шетел тілін меңгерген халықаралық сертификатын ұсыну және ЖОО қабырғасында мамандық бойынша емтихан тапсыру жеткілікті болса, осы жылдан бастап эссе жазу мен оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттер қосылды. Баяндама аяқталғаннан кейін қатысушылар сұрақтар қойып, дұрыс және қанағаттанарлық жауаптарын алды.