Жаңалықтар
Рентгендік кристаллография, криоэмиссия және құрылымдық биология: тарихи сәттер
- Қаралды: 663
2002 жылғы химия саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Курт Вютрих ЯМР әдісін - ядролық магниттік резонанс құбылысын биологиялық макромолекулаларға қолдануға болатындығын көрсетті. Бұл жарты ғасырдан астам уақыттан бері белгілі және күшті тұрақты магнит өрісіне орналастырылған, оған әлсіз айнымалы электромагниттік өріс орналастырылған атомдар белгілі бір жиілікте резонанс тудырады. К. Вютрих әр резонанс сигналы үлкен молекуланың қай атомынан шығатынын анықтау тәсілін шығара алды.
Дәріс үлкен қызығушылықпен тыңдалды және қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, ғалымдары мен студенттері белсенді қатысты. Дәріс презентация-сұрақ-жауап форматында өтті.
Жалпы, Нобель дәрісі апталығы аясында экономика, физика, математика, химия және медицина салалары бойынша барлық жарияланған дәрістер өтті. Әрбір дәрістің қатысушысы мен тыңдаушысы зор алғыс білдірсе, лекторлар мен модераторлар да осындай іс-шаралардың ұйымдастырылуына өз ризашылықтарын айтуда.
Біз де өз тарапымыздан баршаға РАХМЕТ айтамыз және ҚАЙТА КӨРІСКЕНШЕ дейміз!