Жаңалықтар
Педагогтік қайта даярлау курстары
- Қаралды: 2389
Педагогтік қайта даярлау курстары
Университетіміз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 17.03.2020ж. № 110 «Педагогтік қайта даярлау қағидалары» бұйрығына сәйкес «Постдипломды педагогикалық білім» қайта даярлау курстарына педагогикалық мамандықтар бойынша тыңдаушылардың алғашқы легін 9 білім беру бағдарламасы бойынша қабылдады.
Курсқа педагогикалық білімі жоқ, даярлықтың тиісті бағыты бойынша жоғары білімі бар тұлғалар қабылданды, жалпы көлемі 40 кредит, «Педагогикалық және кәсіби құзыреттіліктер», «Педагогикалық шеберлік» және «Пәндік модульдерден» тұратын білім беру бағдарламалары бойынша білім алуда.
Курсты ұйымдастырып отырған Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің Қосымша білім беру орталығы курстың жұмысын үстіміздегі жылдың ақпан айының 8-ші жұлдызынан бастады. Қазіргі таңда тыңдаушылар «Заманауи оқыту технологиялары», «Киберпедагогика», «Заманауи педагогика», «Психология», «Инклюзивті білім беру» пәндерінен блоктық жүйе бойынша білім алуда. Курстың лекторлар құрамының қатарында п.ғ.д.,профессор З.Б.Қабылбекова, п.ғ.к., доцент Г.Т.Бозшатаева, п.ғ.к., доцент Г.А.Нуридинова, аға оқытушы Ж.У.Нышанбаева және т.б. бар.
Педагогикалық қайта дайындау курстары көлемінде жалпы орта мектептер базасында педагогикалық іс-тәжірибеден өтіп, кәсіби құзыреттіліктерін шыңдау жоспарланған.