Жаңалықтар
М.Әуезов атындағы ОҚУ академиялық мәселелер жөніндегі департаменті кәсіби стандарттар мен жаңа мамандықтар Атласы негізінде жасалған білім беру бағдарламаларының тізімін кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.
- Қаралды: 709
М.Әуезов атындағы ОҚУ академиялық мәселелер жөніндегі департаменті кәсіби стандарттар мен жаңа мамандықтар Атласы негізінде жасалған білім беру бағдарламаларының тізімін кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.
2021 жылы 01 сәуірінде «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Өсімдік және мал шаруашылығы» кафедралары бірлесіп жасаған 7М07163 - «Минералды тұздар технологиясы және агрохимия» магистрлік жаңа пәнаралық білім беру бағдарламасы талқыланды. Презентацияны БЗХТ кафедрасының меңгерушісі Сейітмагзимова Г.М. және БЗХТ кафедрасының доценті Қадырбаева А.А. дайындады.
Жаңа бағдарламаның бірегейлігі, оның пәнаралық байланысы және ауылшаруашылық дақылдарына тыңайтқыштарды өндіру және пайдалану, мал шаруашылығында жемшөптің өндірісі мен қолданылуын бақылау, агрохимиялық шараларды және агрохимиялық өнімнің химиялық сараптамасын, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық салада жетілдіру. Мұндай салалық байланыс магистранттардың әртүрлі салалардағы жетістіктерді тез үйрену қабілетін дамытуға және өз салаларында өзара байыту мен дамуды қамтамасыз етуге көмектеседі.
7M07163-Минералды тұздар технологиясы және агрохимия БББ техника ғылымдарының магистрлері кәсіпорындарда сәйкес мамандандырылуының жетекші қызметтерін атқара алады: даму бойынша директор, бейорганикалық өндірістің инженер-технологы, ауылшаруашылығы саласында зертханасының меңгерушісі, бас агроном лауазымдарын атқара алады. өсімдіктерді қорғауға, ғылыми-зерттеу институттарында инженер-химикке, жоғары оқу орындарында оқытушыларға арналған.
«Химиялық инженерия және процестер» және «Топырақтану және агрохимия» мамандықтары бойынша бакалавриат түлектері білім беру бағдарламасына түсе алады.