ҮМІТКЕРЛЕРІМІЗДІ ҚОЛДАП, БІРГЕ ЖЕҢЕСКЕ ЖЕТЕЙІК!!!

  • Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің ұйымдастыруымен, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» атты арнайы республикалық жобасына Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен қатысатын үміткерлерді, Тәуелсіздік жылдарындағы тұлғалардың нақты жобалары арқылы Қазақстан бүгінгі келбетін тануға болатындығы қағидатын ұстана отырып, еңбегі, білім мен өнерімен озып шығып, Қазақстанның білім, ғылым, мәдениет және қоғам саласының дамуына қосқан сүбелі үлестерін ескеріп, Шымкент қаласы деңгейінде имидждік ілгерлету және жобаға қатысушыларды қолдау мақсатында 30 наурыз күні М.Әуезов атындағы ОҚУ «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы «Отырар», «Айғақ», «NAR-TV», «Оңтүстік», «ОҚУ-телестудиясы» қала телеарналары арқылы таныстыру баспасөз брифингін өткізді.
  • Сонымен ҚАЗАҚСТАННЫҢ «100 ЖАҢА ЕСІМІ» жобасының қатысушылары «Білім» номинациясында – «Басқару және бизнес» факультетінің «Экономика» кафедрасының доценті, профессор  Айдарова Айна, «Жастар» орталығының директоры – Орынбеков Заманбек; «Ғылым және инновация» номинациясы бойынша «Мұхтартану» орталығының ғылыми қызметкері – Исабек Әзімхан, «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының бас менеджері, «МИРАС» Рухани жаңғыру академиясы қоғамдық ұйымы жетекшісі – Торгаутова Шолпан, «Мәдениет және спорт» номинациясы бойынша университет түлегі – Нахбаева Гулісхан, «Қоғам» номинациясында «Заң» факультеті, «Криминология» мамандығының 2 курс магистранты – Ашимова Жасмин қатысып отыр, үміткерлерді қолдау және дауыс беру кезеңі 12 сәуірге дейін болады.
  • Кездесу барысында үміткерлердің жасаған еңбектерімен ХХІ ғасырда Қазақ Елінің экономикалық, мәдени және ұлттық кодты қалыптастыру, жастар арасында зияткерлік  қоғамында қалыптастыруға бейімделген нақты ауқымды жобаларымен таныстырды.

Үміткерлерді қолдау үшін, төменгі сілтемелер арқылы қолдап, дауысты беруге болады.

 «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» НОМИНАЦИЯСЫ бойынша:

1.Әзімхан Исабек

https://100janaesim.ruh.kz/participants/2021/исабек-әзімхан.html

2.Торгаутова Шолпан

https://100janaesim.ruh.kz/ru/participants/2021/торгаутова-шолпан.html

«БІЛІМ» НОМИНАЦИЯСЫ бойынша:

3.Айдарова Айна                                                    

https://100janaesim.ruh.kz/ru/participants/2021/айдарова-айна.html

4.Орынбеков Заманбек

https://100janaesim.ruh.kz/ru/participants/2021/орынбеков-заманбек.html

«ҚОҒАМ» НОМИНАЦИЯСЫ бойынша:

5.Ашимова Жасмин

https://100janaesim.ruh.kz/ru/participants/2021/ашимова-жасмин.html

«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ» НОМИНАЦИЯСЫ бойынша:

6.Нахбаева Гулисхан Әуезов университетінің түлегі

https://100janaesim.ruh.kz/ru/participants/2021/нахбаева-гүлісхан.html

ҮМІТКЕРЛЕРІМІЗДІ ҚОЛДАП, БІРГЕ ЖЕҢЕСКЕ ЖЕТЕЙІК!!!

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.