Жаңалықтар
«Білім беру жүйесі мен ғылымды трансформациялау»
- Қаралды: 376
«Білім беру жүйесі мен ғылымды трансформациялау»
Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің Қосымша білім беру орталығы ұйымдастырған салалық құрылым басшыларының білім саласындағы стратегиялық менеджмент және жобалық басқару бойынша құзіреттіліктерін жетілдіру мақсатындағы «Білім беру жүйесі мен ғылымды тиімді трансформациялау» оқу-тренингтік семинары 2021 жылы ақпан айының 15-і мен 26-ы мерзімі аралығында өтті.
Курстың мақсаты университет салалық құрылым басшыларының білім беру жүйесін трансформациялауды тиімді жүзеге асырудағы дағдылары мен тәжірибелік білімдерін байытуға және жетілдуріге бағытталған.
Курстың лекторы Трансформация кеңсесінің директоры м.уа. Ачилов Нурбек Тахирович тыңдаушыларды жоғары оқу орындарын трансформациялауға байланысты университеттің стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асыру үшін тиісті аудиторияны даярлау, басқару жүйесін тұрақты жетілдіріп отыру үшін қызметкерлердің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, университеттегі жаңа идеялар мен жобаларды бірлесе атқару үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытында нақты практикалық тренингтер өткізді. Курсты нәтижелі аяқтаған тыңдаушылар арнайы үлгідегі сертификатқа ие болды.