Жаңалықтар
«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНОСТАРЫ МЕН КОНФЕССИЯЛАРЫ: ДИАЛОГЫ ЖӘНЕ ДАМУ КӨКЖИЕГІ» атты халықаралық ғылми-практикалық конференциясы
- Қаралды: 467
«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНОСТАРЫ МЕН КОНФЕССИЯЛАРЫ:
ДИАЛОГЫ ЖӘНЕ ДАМУ КӨКЖИЕГІ»
атты халықаралық ғылми-практикалық конференциясы
Қазақстан Республикасының 30 жылдығын мерекелеу іс-шараларының іске асыру және Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамының қарсаңында, Қазақ Елінде мекендеген өзге этностардың 30 жыл барысында Қазақстанның дамуына қосқан үлесін ескеріп, 2021 жылы 17 наурызда М.Әуезов атындағы «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНОСТАРЫ МЕН КОНФЕССИЯЛАРЫ: ДИАЛОГЫ ЖӘНЕ ДАМУ КӨКЖИЕГІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Көп этносты Қазақстан үшін тұрақтылықты, этносаралық келісімді қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтардың бірі, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізудің негізгі міндеті болды.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігері халықтың бірлігін қамтамасыз етуге бағытталды. Бұл саясаттың өмірде іске асырылуы қоғамдық келісіммен жалпыұлттық бірліктің Қазақстанның модельнде көрініс тауып, ол халықаралық тұрғыдан мойындалды. Осылайша, біздің еліміз әу бастан-ақ мәдениеттердің, тілдердің, халықдәстүрлерінің алуан түрлілігін мойындай отырып, азаматтық қоғам құру жолын таңдады. Қазақстан бірегейлік-жалпы азаматтық құндылықтарды, экономикалық, әлеуметтік және мәдени мүмкіндіктер теңдігі жүйесін орнықтыруға негізделген.
Көрсетілген бағыт Қазақстанның оңтүстік өлкесінде де өзінің жалғасын тауып отыр. Осындай этносаралық шынайы толеранттылық негізінде қалыптасуы өзінің ғылыми негіздеуін қажет етеді.
Елбасының саяси ерік - жігерінің арқасында этностық және діни қатыстылығына қарамастан, азаматтық тең құқықтылықтың нақты институционалдық тетіктері құрылып, дәйіктіліктпен жетілдіруде.
Конференцияның мақсаты мен міндеттері: Қазақстандық этносаралық келісімді қамтамасыз етуді тиімді саяси-құқықтық және институционалдық механизмдерін қалыптастыру. Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІ ғасырда азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың және оны ел азаматтарының әр-бір жаңа буынды мойындатудың маңызды тетіктерінің жетілдіру. Жаһандану жағдайында егемендік пен тәуелсіздікті сақтау шарттарының бірі ұлттық қәуіпсіздік факторы болып айтады. Осылайша алдымызда қоғамды бейбітшілікпен келісімді қамтамасыз етуде, жан-жақты жаңғырту үрдістерінде ЖОО ҚХА кафедраларының, (орталығының) рөлін одан әрі күшейту бойынша жұмыстар, сондай-ақ, қазақстандық қоғамды жаңғыртуға белсенді қатысу болды.
Конференция жұмысына шетел және республика бойынша 70 астам жоғары оқу орындар, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедралары мен орталықтар, Шымкент және Түркістан облысы Әкімдігінің этносаралық қатынастарды дамыту мен этносаралық келісім бойынша жұмыс жасап жатқан басқармалармен бөлімдері, Шымкент және Түркістан облысының этно-мәдени орталықтары қатысты. Конференция барысында Оңтүстік Қазақстанның «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы ғылыми сүйемелдеу және тәжірибелік үйлестірудің жаңа моделі, Оңтүстік Қазақстандағы этносаралық қатынастар факторы Әуезов университетінің «Тарих және этнология» ғылыми орталығының басты назарында, «Қазақтану» ғылымы және ұлтаралық келісімінің кейбір өзекті мәселелері, сонымен қатар басқа да өзекті мәселере талқыланды.
Конференция барысында құттықтау сөз айтып, белсенді спикерлер Қазақстан этникалық қарым-қатынастары бойынша өзінің ғылыми зерртеулерімен танысытырды. Атап айтқанда: Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының этносаралық қатынастар бөлімі, Шымкент қаласы «Қоғамдық келісім» КММ, Талас мемлекеттік университеті, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, «Шаңырақ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының Қауымдастығы» РҚБ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және этнология» ғылыми орталығы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімі, республикалық «Достық» қауымдастығы, Қазақстан кәрістері Ассоциациясы республикалық бірлестігі, Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобы, Шымкент қалалық славян этно-мәдени бірлестігі, Шымкент қаласы бойынша «Күрд этно-мәдени бірлестігі, Шымкент қаласының А.П.Чехов атындағы № 21 жалпы орта мектебі.
Конференция соңында белсенді спикерлер мен қатысушыларға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы атынан Алхыс хаттар мен арнайы сертификаттармен марапатталды.