Жаңалықтар
2021 жылдың 24 ақпанда Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының ұйымдастыруымен "Докторлық диссертацияларды дайындау кезінде ғылыми-зерттеу орталықтарының әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері" тақырыбында семинар-тренинг өтті.
- Қаралды: 335

Семинар барысында М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің этикалық кеңесінің төрағасы а.ш.ғ.д., доцент Алибаев Н.Н. «PhD докторанттардың диссертациялық жұмыстары бойынша этикалық нормалардың ережелерімен» таныстырды және Инженерлік бейіндегі аймақтық "Конструкциялық және биохимиялық материалдар" зертханасының меңгерушісі Хусанов Ж.Е. баяндама жасады.
Шақырылған қонақтардан қызықты баяндамаларымен «Ұлттық сараптама орталығы» Шымкент қаласы филиалының «Жоғары технологиялық зерттеулер» зертханасының меңгерушісі Оразова Л.К. және "AZALA Textile" ЖШС зертханасының бастығы Надырбаева Г.Б. сөз сөйледі. Сондай-ақ, онлайн режимде «Триумф М.М.С.» ЖШС металлургия зауытының зертхана бастығы Махамбетова Б.А. баяндама жасады.
Нәтижесінде докторанттар PhD докторлық диссертацияларды орындау кезінде қажетті талдау түрлері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының зертханалық жабдықтарының негізгі сипаттамаларымен танысты.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз