Жаңалықтар
ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы мен М.Әуезов атындағы ОҚУ ұсынған «Кремний оксидінің көміртегі мен темірмен өзара әрекеттесуі кезінде темір силицидтерінің түзілуін жеделдету құбылыстары»
- Қаралды: 357
ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ұсынған «Кремний оксидінің көміртегі мен темірмен өзара әрекеттесуі кезінде темір силицидтерінің түзілуін жеделдету құбылыстары» атты еңбек ғылыми жаңалық деп танылды.
Бүгін университеттің кезектен тыс Ғылыми кеңесінде, арнайы келген «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, екі мәрте ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жарменов Абдрасул Алдашұлы М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Д.П.Қожамжароваға Ресей жаратылыстану ғылымдарының академиясының «Ғылыми жаңалық ұйымы дипломын» және ғылыми жаңалық авторларының бірі «Металлургия» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор Виктор Михайлович Шевкоға «Жаңалық авторы дипломын» және «Петр Капица атындағы Алтын медалін» табыстады.