Құттықтаймыз! М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Миннесота университетімен (АҚШ) бірлесіп АҚШ пен Қазақстан университеттері арасындағы серіктестік аясында «Жоғары білім беру педагогикасында ағылшын тілін интеграциялау: М.Әуезов атындағы Оңт

Құттықтаймыз!

        М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Миннесота университетімен (АҚШ) бірлесіп АҚШ пен Қазақстан университеттері арасындағы серіктестік аясында «Жоғары білім беру педагогикасында ағылшын тілін интеграциялау: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (ОҚУ) және Миннесота университеті арасындағы серіктестік» тақырыбында қаржыландыру бойынша конкурстық іріктеуден өтті. Жоба ағылшын тілі мен STEM пәндерін кіріктіріп оқыту әдістемесі мен оқу бағдарламасын жетілдіруге бағытталған.

        Айта кетерлік жайт, Халықаралық білім беру жөніндегі американдық Кеңес АҚШ пен Қазақстан университеттері арасындағы серіктестік гранттарына ие болуға қызығушылық танытқандар саны едәуір үлкен болған. Байқау аясында 37 өтінім беріліп, тек бесеуі ғана мақұлданды (13% таңдалды). Барлық өтінімдер АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия бюросының, АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы елшілігінің және Халықаралық білім беру жөніндегі американдық кеңестің өкілдері кіретін іріктеу комиссиясымен мұқият қаралды.


 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.