Жаңалықтар
"Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және оның алдын алу" тақырыбында университетіміздің профессор-оқытушы құрамымен вебинар өтізілді
- Қаралды: 322
13.05.2020ж. сағат 12:00де М. Әуезов атындағы ОҚМУ "Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және оның алдын-алу" атты тікелей эфирде вебинар өткізілді. Вебинарға қонақ ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Алдын-алу басқармасының басшысы Қасымбеков Нариман Бауыржанұлы, "Шымкент-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы- әкімнің штаттан тыс көмекшісі Қамбар Жани Сайдуллаұлы қатысты. Вебинар барысында модератор "Әлеуметтік және тәрбие жұмысы" жөніндегі проректор Мажинбеков Сәкен Аралбайұлы, вебинар қонақтары және университет профессор оқытушылар құрамымен бірлесіп қашықтықтан сессия тапсыру және дипломдық жұмыстарды, магистрлік, докторлық диссертацияларды қорғау барысындағы академиялық адалдық мәселелері талқыланды.