«Кселлмен» бірге әлемнің озық білімін игер

Әлемдегі ең танымал онлайн оқыту ресурсы енді қазақ тілінде білім бере бастады.
2015 жылы 18 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 312 аудиторияда еліміздегі үздік ұялы байланыс операторы "Кселл" компаниясы "Курсера" халықаралық интернет порталымен бірлесіп, қазақстандық аудиторияға дүние жүзіндегі жетекші білім ордаларының тегін онлайн курстарын ұсынды.
Еліміздің телекоммуникация нарығының көшбасшысы Қазақстанда қызмет жүргізіп келе жатқан бүкіл уақытыішінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиясы шеңберінде елімізде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларын дамытуға бағытталған түрлі бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Биыл «Кселл» Coursera порталында бес пәннің қазақ тілінде іске қосылғаны жөнінде қуанышпен хабарлаймыз, енді аталған курстарды www.coursera.org сайтында онлайн жүзінде оқуға болады.

Мемлекеттік тілде оқытылатын сапалы білім – еліміздің табысты экономикалық дамуының және де бәсекеге қабілетті кадрларды тәрбиелеудің бірден-бір кепілі. Білім берудің құндылығына үлкен мән бере отырып, Қазақстанның жетекші ұялы операторы coursera.org порталының қолданушылары арасында ең танымал келесі бес курсты қазақ тіліне аудару үшін қолдау көрсетті:

·                        Ойындар теориясын бизнесте қолдану (Gamification). Осы курсты АҚШ-дағы ең ежелгі оқу мекемесі Пенсильвания Университетінің профессоры Кевин Вербах жүргізеді.

·                        Электрондық медиа және мобильдік қосымшаларға арналған креативтік бағдарламалау (CreativeProgrammingforDigitalMedia&MobileApps). Осы курста ұсынылған дәрістерді Ұлыбританияда студенттер саны жағынан екінші орында тұрған Лондон Университетінің ғылым докторлары оқытады.

·                        Шабыт беретін көшбасшылық және эмоциялық интеллект (InspiringLeadershipthroughEmotional Intelligence). Курсты Кейз Батыс Резерв Университетінің (АҚШ) ғылымдар докторы Ричард Бояцис жүргізеді.

·                        Бағдарламалауды үйрен: бағдарлама жасауды білмейтінадамдарғаарналған негізгі білім (LearntoProgram:  theFundamentals). Курсты Торонто Университетінің (Каннада) профессорлары Дженнифер Кэмпбел және Пол Грис оқытады.

·                        Желілер: достар, ақша және байттар (Networks:Friends, Money, andBytes).Американың ең атақты жоғарғы оқу орны Принстон Университетінің профессоры МунгЧанг курс шеңберінде интернетте жұмыс жасаудың қыр-сырларымен бөлісетін болады.

Қосымша ақпарат: www.coursera.org


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.