Жаңалықтар
«ТҮРКІ ӘЛЕМІ: АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» атты ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУ ФОРУМЫ
- Қаралды: 347
2020 жылы 12 маусымда ЮНЕСКО қамқорлығындағы мәдениеттерді жақындастыру орталығы Алматы қаласы және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің «МИРАС» рухани жаңғыру академиясы» қоғамдық ұйымының бірігіп ұйымдастырылған - Ұлы акын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «ТҮРКІ ӘЛЕМІ: АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» атты ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУ ФОРУМЫ онлайн жүйесінде өткізіледі.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мәдени-ағарту форумына республикамыздың белгілі ғалымдары, ғылыми-зерттеу орталықтардың және институттардың басшылары, Семей қаласының «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, мәдениет қайраткерлері қатысады. Сонымен қатар, шетел елшіліктердің консулдары, ЮНЕСКО-ның ТМД елдері бойынша кластерлік бюроның мамандары, шетел университеттердің педагог-ғалымдары қатысуы күтілуде.
Форумның мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізінде және 2020 жылы 9 қаңтардағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан: «...халқымыздың Ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту..., ...ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды. Сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашылады...» деп анықталған.
Форумның міндеті:
-Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жаңа туандыларымен танысу, сонымен қатар ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының «Абайдың толық адам ілімі» кітабінің тұсау кесерін өткізу;
-ғалымдармен мемлекет қайраткерлердің ауқымды ғылыми зерттеулерін талқылау, Абайға арналған музейдің жаңа жобаларымен танысу;
-корытынды шешімінде Ұлы Абайдың мұрасын және ХХІ ғасырдағы Түркі әлеміндегі Қазақстан қоғамының бүгінгі қарқынды дамуымен білім, ғылым және жастардың тәрбие саласындағы түбегейлі өзгерістері кезеңінде, жаңаша әдістемелерін қолдану арқылы «Абай және жалпыұлттық сананың қалыптасу» тұжырымдамасын қабылдау;
-«Абайтану» - пәнін деңгейі мен салалары бойынша бастауыш, орта және жоғарғы білім саласына оқыту еңгізуге Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігіне ұсыныс беру.
-қосымша: тақырыпқа сай, Шымкент қаласының және Түркістан облысының орта білім беретін 9-11 сынып оқушылары, арнайы орта білім І-ІІ курс және жоғары білім оқу орындарының І курс студенттері арасындағы ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалардың ІІІ-ші байқауын қорыту;
Форум жұмысының материалдары ЖИНАҚҚА жарияланады.
Координаторлар:
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Әлеуметтік және тәрбие ісі» жөніндегі құрылымының:
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсе - ««МИРАС» рухани жаңғыру Академиясы» қоғамдық ұйымы
Тел.: 8-7252-21-46-77; 8-7252-21-16-37; 8-701-647-15-14; 8-707-516-37-55,
WEBEX: http://meetingsamer3.webex.com/meet/medium_s
номер: 290-441-808
Өтетін күні: 12.06.2020