Жаңалықтар
Жатақханадан орын алу тәртібі мен ережелері
- Қаралды: 383
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жатақханалардағы орын күндізгі бөлімде оқитын студенттерге, магистранттарға және докторанттарға беріледі. Жатақханалардағы орындар тәртіп бойынша жазғы демалысқа дейін төмендегі тәртіп бойынша беріледі.
1. I, II, III топтағы мүмкіндігі шектеулі студенттерге беріледі;
2. Тұл жетім және жартылай жетім студенттерге беріледі;
3. Көп балалы немесе әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге беріледі;
4. Шалғай аудандардан келген және интернет желісі нашар ауылдардан келген студенттерге беріледі.
Сондықтан санитарлық-эпидемиялық нормаларды сақтай отырып, университеттің жатақханаларында оқшауланып тұруларына болады. Карантин кезінде студенттер аралас білім алатын болғандықтан қажеттілігіне қарай жатақханадан орын беріледі. Жатақханадан орын алуға сұранысты онлайн түрде http://portal.ukgu.kz/online/ сілтемесі арқылы бере аласыз. Жатақханаға орналасу өтінішін қарастыру нәтижесінде тиісті комиссия қарап, комиссия шешіміне сәйкес студенттер, магистранттар және докторанттарға жатақхана нөмері көрсетілген, рұқсат ордері беріледі.
Жатақханаларға орналасу үшін университетке қаржы АҚ«Евразиялық банк» арқылы төленеді.
Төлем ақы мөлшері бір айға:
Студенттерге 5000,0 тенге (коридорлық типтегі жатақхана); 6000,0 (секциялық типтегі жатақхана);
Магистранттарға 10000,0 тенге (коридорлық типтегі жатақхана); 11000,0 (секциялық типтегі жатақхана);
Докторанттарға 11000,0 тенге (коридорлық типтегі жатақхана); 12000,0 (секциялық типтегі жатақхана);
Жатақханададан орын алу үшін өтініш онлайн режимде беріледі және төмендегі мәліметтер мен құжаттардың көшірмесін тапсыруы тиіс:
Мәліметтер:
Аты, жөні-тегі;
Телефон;
ИИН;
Білім беру деңгейі (студент, магистрант, докторант);
Оқитын курсы, тобы;
Оқитын білім беру бағдарламасының шифры мен аталуы (мамандығы);
Мекен-жайы;
Әлеуметтік жайдайы (көп балалы отбасы; жетім, жартылай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар, 1, 2 және 3 топтағы мүгедек тұлғалар және т.б)
Құжаттар көшірмесі
Жеке куәлігінің көшірмесі;
Мекен-жайы туралы анықтамасы;
Әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттар көшірмесі;
Жатақханада тұру үшін төлем ақының түбіртегі.