Жаңалықтар
«Ақиқат пен адамгершілік жаршысы»
- Қаралды: 375
2020 жылы 13 мамырда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Ұлы ойшыл ақын Абайдың 175 жылдық мерейлі мерекесінде ол туралы ой түйіп, пікір алмасуға ОҚМУ-дың абайтанушы ғалымдарымен «Ақиқат пен адамгершілік жаршысы» атты конференция-вебинарда бас қосты. Абайтанушылар мектебінің дәстүрлі ошағы оның туған Отаны – Семейде қалыптасса – ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырда осындай үлкен орда еліміздің оңтүстігі – Шымкент қаласында да іргелі ғылыми зерттеулердің негізінде бой көтерді. «Шымкент абайтанушылар мектебінің» негізгі өкілдері – бұл, әрине, аты бүкіл Қазақстанға, онан қалса шетелдерде де мәшһүр болған профессор, бірнеше мемлекеттік сыйлықтардың иегері - Мекемтас Мырзахметов.
Конференция-вебинарында Мекемтас Мырзахметов «Абайдың толық адам ілімі» атты жаңа кітабымен таныстырды.
Сонымен бірге оның шәкірттері, абайтанушы ғалымдар – Ж.Шойынбет, С.Оразалиев, С.Өмірзақов, М.Әліпхан және А.Қалшабек өз ойларымен бөлісті.
Іс-шараның қорытындысында абайтанушы-ғалымдар Ұлы Абайдың мұрасын әлі де толық меңгеру және зерттеу жұмыстары аяқталған жоқ екенін айтты. Сонымен, қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2020 жылы осы бағытта көптеген туындыларды шығаратыны және әлемге таныстыратыны туралы мәлімдеді.