Жаңалықтар
«QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналының редакциялық алқасының отырысы өтті
- Қаралды: 640
2020 жылғы 11 ақпанда Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналының редакциялық алқасының отырысы өтті (онда Шымкенттен келген қызметкерлер болды), бұған дейін Қазақстан қалаларының және шетел алқалары мен редакциялық алқасының сұрақтары бойынша жұмыстар жүргізген болатын (Ресей Федерациясы, Өзбекстан).
Еске салайық, 2019 жылы «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналы «Рухани Жангыру» бағдарламасы негізінде, 2012 жылы тоқтатылған «Қазақтану» ғылыми журналының жұмысын жаңғыртты.
Журнал республикалық мәртебеге ие болды және «Рухани Жағыры» бағдарламасына ғылыми сүйемелдеу көрсететін жалғыз республикалық ғылыми журнал болып табылады. Сонымен қатар, қазақ тілінінің латын арпіне өзгертілді - «QAZAQTANÝ» деп аталып, гуманитарлық, педагогикалық, филологиялық және шығармашылық бағыттардағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялайды (ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 17493-Ж куәлігі), РҒДИ базасына кірді (05.05.2013ж. № 260 келісім-шарты). Әуезов атындағы ОҚМУ-нің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 9-Ө өкімінің негізінде «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналы Ғылыми-зерттеу басқармасыннан М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Рухани жангыру» жобалық кеңсесіне өткізілді.
Редакциялық алқа отырысында:
-редакцияның жаңа құрамымен таныстырылды осы уақытқа дейін 38 адамнан редакциялық алқаға сапа және сандық құрамы өзгертілер мен толықтырулар енгізіліп, гуманитарлық (Қазақстан тарихы, тарих, этнология, мәдениеттану, философия, саясаттану, халықаралық қатынастар, мұражай және мұрағат ісі, экономика, құқықтану) педагогикалық (педагогика, психология, кәсіптік оқыту, дефектология), филологиялық (қазақ, орыс, ағылшын) шығармашылық бағыттар (бейнелеу өнері, дизайн, спорт, мәдениет) - қоса алғанда отандық және шетелдік ғалымдар, ғылыми және қоғамдық жұмыстарды дамытуға үлес қосқан халықаралық және ұлттық журналдардың редакторлары мен жауапты хатшылары жалпы саны редакциялық алқаға 56 адам кірді;
-2011 жылдың 7 наурызындағы Жариялым этикасы бойынша комитетінің (COPE) кодексінің журналдағы редакторлары үшін және практика негізделген ұстанымы мен іс-әрекеттері, журнал тақырыбын дамыту, қазақстандық ғылыми басылымдар, бұдан әрі - халықаралық басылымдар арасында рейтингін көтеру мәселелері талқыланды;
-қатысушыларға «Қазпошта» акционерлік қоғамының 2020 жылға арналған газет және журналдар Каталог журналында №76112 жазылым индексі шығарылған жайлы мәліметтер көрсетілді, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен және орталықтарымен ынтымақтастық жұмыстары туралы жүргізуі алға қойылды;
журналды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ғылыми жарияланымдарының тізіміне енгізу үшін дайындық жұмыстарының басталуымен авторлардың мақалаларды қабылдауының жаңа ережелері мен шарттары, келіп түскен мақалалардың сапасын білікті сараптау стандарттары бекітілді. Ғылымды, білім мен мәдениетті дамытуда ғылыми зерттеулер мен ынтымақтастыққа шетелдік мамандарды тартуды арттыру бойынша жұмыстар нақтыланды.
Мәжілісті қорытындысында, редакция алқасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына ғылыми сүйемелдеу жасайтын «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналы туралы ереженің жобасын бірауыздан мақұлдады.