Жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
- Қаралды: 321
«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынындағы бұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт - "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (2015ж) 10-бабына сәйкес дайындалған және М.Әуезов атындағы ОҚМУ қызметінің барлық салаларындағы рұқсаттар, шектеулер мен тыйымдар жүйесін білдіреді.
Стандарттың мақсаты:
- университет әкімшілігі, профессор-оқытушылар құрамы мен қызеткерлерінің функционалдық міндеттерін орындауы кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқы мен жауапкершілігін қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын-алу;
- университет қызметкерлері арасында жалпыға бірдей сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін дамыту;
- университет қызметінің тиімділігін арттыру.
Стандарт университет қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті