Жаңалықтар
«Инновациялық технологиялар және оқу нәтижелерін бағалау»
- Қаралды: 455
Мухтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары 2020 жылы 13 қаңтарда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінің ұйымдастыруымен «Иннова-2020» Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына «Инновациялық технологиялар және оқу нәтижелерін бағалау» онлайн-секциясына қатысты. Онлайн секцияға Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университеті (Абакан қ., Ресей) қосылды. Онлайн секцияға 43 профессор-оқытушылар құрамы және факультеттер мен жоғары мектептер әдістемелік комиссиясының төрағалары қатысты.
«Инновациялық технологиялар және оқу нәтижелерін бағалау» онлайн-секциясының модераторы Дидактика орталығының басшысы Тасыбаева Ш.Б. Алметов Негматжан Шодиметұлы, п.ғ.д., профессор «Оқу процесінде әртүрлі педагогикалық технологиялар элементтерін біріктіру әдістері» тақырыбында, «Тамақ инженериясы» кафедрасы меңгерушісі, х.ғ.к., доцент Уразбаева Клара Абдыразаковна «Постер-презентация оқу нәтижелерін бағалау әдісі» тақырыбында, Махмудов Гавхарбек Раушанбекұлы - докторант «Пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту дегеніміз не?» тақырыбында баяндама жасады.