Жаңалықтар
«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»
- Қаралды: 406
10.01.2020жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Парасат» басқармасы ұйымдастыруымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты көлемді мақаласы аясында «Парасаттылық дәрісі» өтті. Дәрісті университет бірінші проректоры Қайрат Еңбекшіұлы мен Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Сәкен Аралбайұлы жүргізді. Дәріс барысында Қайрат Еңбекшіұлы ғұлама еңбектерін жастарға насихаттау маңыздылығына тоқталып, Абайға деген құрмет- ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі екенін түсіндірді. Себебі, Абай мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі болып отыр. Хакім әлеміндегі «толық адам» феномені әр тұлғаға ой салып, өз бойында нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек қалыптастыруы ізгілікке бастайтын жол екені дәріптелді. Сәкен Аралбайұлы Абай шығармаларынан барлық тақырыпты табуға болатынын, оны оқу-өзіңді тануға, ұлтты тануға деген ұмтылыс екенін атап өтті. Ғұламаны әлемге танытқан М.Әуезов еңбегі қашан да ұмытылмай, тұлға есімімен қатар айтылады. Дәріс соңы басқарма басшысы Гүлбақыт Сейсенбекқызы бастаған парасаттық жастардың ақын өлеңін оқу эстафетасына ұласып, әсерлі кездесуге айналды.