Ұлы халықтың – ұлы Абайы

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен 2019 жыл 11 желтоқсан күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараның қадірлі қонағы болып жас ақын Дәурен Айманбетов пен университет аға тәлімгері Бейсебаев Сембай Дайрабайұлы қатысты. Қазақ халқының санасын серпілткен ұлы ақын Абайдың қара өлеңдері мен қара сөздерін тыңдаушылар тамаша мәнермен жатқа оқып, әсем әндерін шырқады.

Оқытушылар дайындаған «Абайдың өмірі мен шығармашылығы» жайындағы деректі фильм мен викториналық сұрақтар тыңдаушылардың Абайды тереңнен тануына ықпал етіп, шығармаларын білуге үлкен роль атқарды. Ақын Дәурен Айманбетовтың Абай Құнанбайұлы туралы айтқан әсерлі әңгімелері мен оқыған өлеңдері жастардың жүрегіне жігер беріп, саналарына нәр сепкендей болды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.