Жаңалықтар
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісі
- Қаралды: 345
2019 жылдың 6 желтоқсанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің бастапқы әскери дайындық, кәсіптік білім, химиялық инженерия мен процестер және мәдени-тынығу жұмысы мұғалімдерді даярлау білім беру бағдарламалары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің жаңа форматтағы ЖБТ (Жобаларды басқару топтары) кезекті отырысы өтті.
Мәжіліске 16 ЖОО-нан 70 өкіл, 3 жұмыс беруші мен колледж өкілдері қатысты. ОӘБ жұмысының жаңа формасына қатысты мәселелер, «Физика-математика» пәндерін бейіндік пәндер ретінде ұсынумен қатар «Химиялық инженерия мен процестер» даярлау бағыты бойынша бейіндік пәндерді анықтау, «Кәсіптік оқыту» даярлау бағытының мәртебесін анықтау мәселесі талқыланды. Дайындау бағыттары бойынша оқыту нәтижелері ұсынылды. «РОӘК баспаға ұсынған» белгісімен (грифімен) 19 оқу әдебиеттері қарастырылып, баспадан шығаруға ұсынылды.