Жаңалықтар
«Жоғары жылдамдықты темір жолдардың экономикасы, экологиясы және инфрақұрылымы»
- Қаралды: 389
ERASMUS+ бағдарламасы аясында «Жоғары жылдамдықты темір жолдардың экономикасы, экологиясы және инфрақұрылымы» (EEIHSR) халықаралық жобасы іске қосылды.
Қатысушы ЖООы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Қазақстан), Мадрид политехникалық университеті (Испания), Катовице экономика университеті (Польша), М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (Қазақстан, мемлекет бойынша үйлестіруші), Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (Қазақстан), Император Александр 1 атындағы Петербург мемлекеттік қатынас жолдары университеті (Ресей), Орал мемлекеттік қатынас жолдары университеті (Ресей), Қиыр Шығыс мемлекеттік қатынас жолдары университеті (Ресей).
Жобаның мақсаты – қазақстандық, ресейлік және еуропалық білім беру бағдарламаларын үйлестіру және ERASMUS+ бағдарламасы аясындағы «Economics, Ecology and Infrastructureat High-Speed Railways» (EEIHSR) жобасы негізінде бірлескен магистрлік бағдарламаны құру.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ рөлі - жобаның модульдерін магистратураның қолданыстағы білім беру бағдарламаларына енгізу, қызығушылық танытқан тараптарды біліктілікті арттыру курстарына тарту және мамандар үшін біліктілікті арттыру курстарын дайындау мен өткізу, жобаның нәтижелерін тарату.