Жаңалықтар
«Жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүргізудің типтік алгоритмі»
- Қаралды: 319
27.11.2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ҚазГЗУ базасында ҚР БжҒМ ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүргізудің типтік алгоритмі» тақырыбында републикалық тренинг өтті. Тренинг жұмысына М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің О ж ОӘЖ жөніндегі проректоры Қ.Байболов, Парасат басқармасының басшысы Г.Дулатова, Жастар орталығының басшысы З.Орынбеков қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе жинақтады.
28.11.2019 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында жалғасын тапқан іс-шара «ЖООда ПОҚ мен студенттер арасында парасаттылықты қалыптастыру» тақырыбына арналды. Академия вице-ректоры Е.Дусипов семинарды ашып, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің парасаттылық департаментінің директоры Д.Сабирбаевтыңбаяндамасымен жалғасты. Парасаттылықты қалыптастыру мәселелері бойынша қызу пікірталастар болып, өзге ЖОО өкілдері өзара тәжірибесімен алмасты.