«Саналы ұрпақ»

19.11.2019ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті мен  Әл Фараби атындағы ҚАЗҰУ арасында  бейне байланыс конференциясы өтті. Конференция мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Саналы ұрпақ»  және «Ізгілік елшісі»  жобаларын жүйелі ұйымдастыру үшін қала ЖОО мен колледждері өкілдерінің басын қосып, әдістемелік көмек беру. Конференция барысында республикалық «Саналы ұрпақ»  жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.Токушев және «Ізгілік елшісі» жобасының жетекшісі А.Сәбитова жобаны іске асырудың ұйымдастырушылық мәселелері мен басымдық беретін бағыттары бойынша тәжірибесімен  бөлісті. «Шымкент Адалдық алаңы» жобасының  жетекшісі Ерасыл Әшірбайұлы алдағы жұмыс жоспарларына мұқияттылық танытуға шақырып,  конференция жұмысын қорытындылады. 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.