Умарова Жанат Рысбайқызының «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті Умарова Жанат Рысбайқызының шетелдік машықтанудан өту туралы

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті Умарова Жанат Рысбайқызының шетелдік  машықтанудан өту туралы

Есебі

«Ақпараттық жүйелер»кафедрасының доценті Умарова Жанат Рысбайқызы Малайзиядағы Серданг қ.  Путра Малайзия университетінде, "Компьютерлік жүйелер және  ақпараттық технологиялар" факультетінің  «Информатика» кафедрасында 10.15.15 - 05.10.15 аралығында  машықтанудан өтті.

Машықтанудан өту барысында келесі пәндер бойынша профессорлардың дәрістеріне  қатыстым:

1. Профессор доктор Азизол Абдуллах, «Network Security»

2. Профессор доктор Мохд Тауфик Абдуллах, «Computer Forensic»

3. Профессор доктор Зайтон Муда, «Computer Systems Security»

09.10.2015ж. «Компьютерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканымен доктор Абу Бакар Султан, деканның орынбасарымен Hamidah Ibrahim және де «Компьютерлік ғылымдар» кафедра меңгерушісі, профессор, доктор NurIzura Udzir,               «Бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелер» кафедрасының професоры, докторы Masrah Azrifah Azmi Murad, «Мультимедиа» кафедрасының докторы Fatimah Khalid, « Коммуникациялар технологиясы және жүйелер» кафедрасының  докторы  Azizol Abdullahпен  кездесулер  өтті.

Бұл кездесулерде магистрлік қос дипломдық  бағдарламаларына  қатысты келесі мәселелер талқыланды:

-         Оқу жоспары келісілді, яғни  кредиттер  саны анықталынды,

-         М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистранттары  үшін жоғары оқу орнының Путра Малайзия тарапынан ғылыми жетекшілері тағайындалды,

-         6 профессорларымен оқу үрдісіне  қатысу үшін және жетекшілік етуге қатысуы туралы келісімге қол қойды: доктор Мохаммед Осман, доктор Хасан Селамат, доктор Нұр Изура Удзир, Хазлина Хамдан, Разали Жақып, Фазлида Мохд Сани,

-         Онлайн-дәрістер ұйымдастыру бойынша мәселелері талқыланды,

-         М.Әуезов атындағы ОҚМУ-не  2015-2016  оқу жылының  күзгі және көктемгі семестрлеріне дәріс беруге профессорлардың шақырылуы талқыланды.

 Машықтанудан өту нәтижесінде UPM профессоры Мұхаммед Османмен  бірлесіп журналға жариялау үшін мақала дайындалды.

Сондай-ақ,  «Информатика» мамандығының 1-курс студенттеріне арналған  «Java тілінде бағдарламалау» пәні бойынша дәрістер өткізілді.

 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.