Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидалары
- Қаралды: 441
2019 жылдың 17 қазанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Шымкент қаласының Ішкі істер департаменті Көші-қон қызметі өкілдерінің қатысуымен «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидалары» атты тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жүрген шетелдік азаматтарға визалық және визасыз режимдер үшін көші-қон заңнамасы саласындағы ережелер мен заңдарды түсіндіру болып табылады. Шетелдіктердің құқықтық мәртебесі және көші-қон бақылауы бойынша түсіндірме баяндамаларын Шымкент қаласы ІІБ УМД ерекше істер жөніндегі аға инспекторы Ж.Б.Мырзалиев және Шымкент қаласы ІІБ азаматтық істер бөлімінің подполковнигі Г.Ж.Нысанбаева оқыды.
Аталған іс-шараға қазіргі таңда университеттте оқитын Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Түркия, Ауғанстан және Ресей Федерациясынан келген шетелдік білім алушылары қатысты. Іс-шара барысында шетелдік білім алушылары Қазақстан Республикасының аумағында болу және келу ережелері түсіндірілді, сондай-ақ құқық бұзушылықтар туындаған жағдайда шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға жауапкершілік жүктелетіні ескертілді.